Тапсырысты орналастыруды жүргізу мерзімін ұзарту туралы ақпараттық хабарлама
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы Жарлықтарымен Қазақстан Республикасының аумағында 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап 2022 жылғы 19 қаңтарға дейінгі мерзімге төтенше жағдай енгізілді.
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2021 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған (https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/249289?lang=kk) мерзімді баспасөз басылымдары (газеттер мен журналдар), интернет-ресурстар мен телеарналар арасында республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік Тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі бар өтінімдерді қабылдау мерзімін 2022 жылғы 28 қаңтарға дейін ұзартады.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даң., 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс мекенжайы бойынша жіберіледі, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңсесі 2022 жылғы 28 қаңтар сағат 17:00-ге дейін қабылдайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер мына Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даң., 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 739 кабинет мекенжай бойынша 2022 жылғы 31 қаңтар сағат 11:00-де ашылады.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді ұйымдастырушыға республикалық деңгейде беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫ ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ТАПСЫРЫСҚА» және «2022 жылғы 31 қаңтар сағат 11:00-ге ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.