Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мерзімді баспасөз басылымдары (газеттер мен журналдар), интернет-ресурстар және телеарналар арасында республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даң., 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс мекенжайы бойынша жіберіледі, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңсесі 2022 жылғы 14 қаңтар сағат 17:00-ге дейін қабылдайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер мына Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даң., 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 739 кабинет мекенжай бойынша 2022 жылғы 17 қаңтар сағат 11:00-де ашылады.

Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді ұйымдастырушыға республикалық деңгейде беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫ ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ТАПСЫРЫСҚА» және «2022 жылғы 17 қаңтар сағат 11:00-ге ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.

Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімсіз жіберілген құжаттар қаралмайды.

Қағидалардың 8 тармағына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесін қоса беру қажет.

 

Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымша

Нысан

___________________ жөніндегі тапсырысқа қатысуға өтінім

  1. Толық атауы (заңды тұлғалар үшін) \тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) (жеке тұлғалар үшін): ______________________;

 

  1. Орналасқан жері: ________________________________________;

 

  1. Телефон (факс) нөмірі: ____________________________________;

 

  1. Бұқаралық ақпарат құралының атауы (мерзімді баспа басылымдары, теле-, радиоарналар, интернет-ресурстар): _____________________________________.

 

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (мерзімді баспа басылымдары, теле -, радиоарналар, интернет-ресурстар үшін): ___________________.

 

  1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесі (егер қатысушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда).

 

  1. Өтінім берілген тақырыптық бағыттың атауы _________________________________.

 

      ___________________________________            _________________

 

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)                  қолы

 

      мөрдің орны (бар болған кезде)

 

20__ жылғы «__» ____________

 

Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымша

Республикалық тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі

 

  1. Телеарналар үшін өтінімге мыналар қоса беріледі:

1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторының Қазақстан Республикасының аумағында аналогтік эфирлік және/немесе цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы телеарнаның хабар таратуын ұйымдастыратыны туралы растау хаты;

2) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы анықтама берген күннің алдындағы бір айдан астам уақытқа созылатын аналогтік эфирлік және/немесе цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату желісі бойынша телеарнаны таратқаны үшін телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторына мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы анықтама;

3) қағаз тасығышта таныстырылым түріндегі шығарылған аудиовизуалды өнім жөнінде портфолио;

4) техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;

5) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын өз өндірісіндегі контенттің апта сайынғы (соңғы екі тоқсандағы) хабар тарату көлемі туралы (пайыздық қатынасы және өз өнімінің тізбесі бар) растау хаты;

6) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес балдық бағалауда көзделген жанрлар бойынша телеарнаның меншікті аудиовизуалды өнімінің рейтингі бойынша телеөлшеулер жүргізетін тәуелсіз компанияның растау хаты;

7) жазылушыларын көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, әртүрлі әлеуметтік желілерде кемінде екі аккаунтының болуы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;

8) тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар тақырыптық бағыттарға сәйкес көрсетілетін қызметтерді орындау жобасы мен жоба туралы қысқаша ақпаратты және синопсисті қамтиды. Жоба туралы қысқаша ақпарат – тақырыпты, хабарды, жанрды, хронометражды, өндіріс тілін, тұтыну аудиториясын, сондай-ақ осындай жобаны өндіру тәжірибесінің болуын және оның болашақ жылжыту ауқымын қамтитын ақпарат, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын үміткер дербес айқындайды.

 

  1. Мерзімді баспа басылымдары үшін өтінімге мыналар қоса беріледі:

1) әр нөмірдің таралымын көрсете отырып, соңғы айда шығарылған таралымның саны туралы баспаханадан анықтама;

2) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын соңғы айдағы мерзімді баспа басылымын шығарудың мерзімділігі туралы анықтама;

3) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын газеттің интернет-ресурсының болуын растайтын құжат;

4) жазылушыларын көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, газеттің әртүрлі әлеуметтік желілерде кемінде екі аккаунтының болуы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;

5) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылатын журналдың интернет-ресурсының болуын не болмауын растайтын құжат;

6) жазылушыларын көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, журналдың әртүрлі әлеуметтік желілерде аккаунттарының болуы немесе болмауы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;

7) техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдар көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;

8) жариялау тәсілдерін, жанрының түрлілігін, оның ішінде ақпарат берудің өзекті нысандары мен тәсілдерін сипаттайтын тақырыптық бағыттарға сәйкес қызметтерді орындау жобасын қамтитын тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын үміткер дербес айқындайды.

 

  1. Интернет-ресурстар үшін өтінімге мыналар қоса беріледі:

1) арнайы веб-ресурстан соңғы айдағы бірегей пайдаланушылардың саны туралы растау құжаты, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (болған болған кезде) куәландырылады;

2) арнайы веб-ресурстан интернет-ресурстың мобильді қосымшасының болуын немесе болмауын растау құжаты, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;

3) техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;

4) шығарылған бейне өнімді ауыспалы тасығышта (флеш-карталар, CD, DVD және HDD дискілер) қоса бере отырып, оны өзінің интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы сілтеме көрсетілген соңғы жыл ішінде шығарылған бейне өнімнің болуы немесе болмауы туралы анықтама сондай-ақ анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады;

5) жазылушыларын көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, әртүрлі әлеуметтік желілерде кемінде екі аккаунтының болуы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;

6) жариялау тәсілдерін, жанрының түрлілігін, оның ішінде ақпарат берудің өзекті нысандары мен тәсілдерін сипаттайтын тақырыптық бағыттарға сәйкес қызметтерді орындау жобасын қамтитын тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын үміткер дербес айқындайды.

 

Дата публикации
30 декабря 2021