ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі мен ҚР Премьер-Министрі арасындағы 2019 жылға арналған меморандум

Меморандум Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асыру үшін әзірленеді және мемлекеттік органның бірінші басшысы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі жоспарлы кезеңде қол жеткізуді (орындауды) қамтамасыз етуге міндеттенетін түйінді нысаналы индикаторларды қамтиды.

Министрлік жыл сайын ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасына дейін кезекті қаржы жылына арналған меморандумдардың жобаны әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға келісуге жібереді.

Мемлекеттік органның меморандумына бірінші басшы, жергілікті атқарушы органның меморандумына тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі қол қояды.

Меморандум
Дата публикации
21 ноября 2019