Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мерзімді баспасөз басылымдары (газеттер мен журналдар), интернет-ресурстар және теле-, радиоарналар арасында республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даң., 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс мекенжайы бойынша жіберіледі, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңсесі 2021 жылғы 19 қазан сағат 17:00-ге дейін қабылдайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер мына Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даң., 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 739 кабинет мекенжай бойынша 2021 жылғы 20 қазан сағат 11:00-де ашылады.

Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді ұйымдастырушыға республикалық деңгейде беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫ ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ТАПСЫРЫСҚА» және «2021 жылғы 20 қазан сағат 11:00-ге ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.

Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімсіз жіберілген құжаттар қаралмайды.

Қағидалардың 8 тармағына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесін қоса беру қажет.

 

Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымша

Нысан

___________________ жөніндегі тапсырысқа қатысуға өтінім

  1. Толық атауы (заңды тұлғалар үшін) \тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) (жеке тұлғалар үшін): ______________________;

 

  1. Орналасқан жері: ________________________________________;

 

  1. Телефон (факс) нөмірі: ____________________________________;

 

  1. Бұқаралық ақпарат құралының атауы (мерзімді баспа басылымдары, теле-, радиоарналар, интернет-ресурстар): _____________________________________.

 

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (мерзімді баспа басылымдары, теле -, радиоарналар, интернет-ресурстар үшін): ___________________.

 

  1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесі (егер қатысушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда).

 

  1. Өтінім берілген тақырыптық бағыттың атауы _________________________________.

 

      ___________________________________            _________________

 

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)                  қолы

 

      мөрдің орны (бар болған кезде)

 

20__ жылғы «__» ____________

 

Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымша

Республикалық тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі

 

  1. Интернет-ресурстар үшін өтінімге мыналар қоса беріледі:

1) арнайы веб-ресурстан соңғы айдағы бірегей пайдаланушылардың саны туралы растау құжаты, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (болған болған кезде) куәландырылады;

2) арнайы веб-ресурстан интернет-ресурстың мобильді қосымшасының болуын немесе болмауын растау құжаты, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;

3) техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;

4) шығарылған бейне өнімді ауыспалы тасығышта (флеш-карталар, CD, DVD және HDD дискілер) қоса бере отырып, оны өзінің интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы сілтеме көрсетілген соңғы жыл ішінде шығарылған бейне өнімнің болуы немесе болмауы туралы анықтама сондай-ақ анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады;

5) жазылушыларын көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, әртүрлі әлеуметтік желілерде кемінде екі аккаунтының болуы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;

6) жариялау тәсілдерін, жанрының түрлілігін, оның ішінде ақпарат берудің өзекті нысандары мен тәсілдерін сипаттайтын тақырыптық бағыттарға сәйкес қызметтерді орындау жобасын қамтитын тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын үміткер дербес айқындайды.

Дата публикации
04 октября 2021