Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ
Нұр-Сұлтан қ. № 2021 жылғы 15 шілде
Төрағалық еткен:
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі
А.Ғ. Балаева
Қатысқандар: (тізім бойынша)
- Мемлекеттік органдардың мемлекеттік аппараттың төрешілдігін төмендету жөніндегі жол картасын іске асыруы туралы
(Балаева, Тлепов)
- Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Б.А. Тлеповтің ақпараты назарға алынсын.
- Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстарының әкімдіктері, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы, Мәдениет және спорт, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Сыртқы істер, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктері, сондай-ақ Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Ұлттық банк, Жоғарғы Сот және Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 6 тамызға дейінгі мерзімде «Ашық деректер» порталында ашық деректер жиынтықтардың өзектілігінің жоғары деңгейін (100%) қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
- Денсаулық сақтау, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Сыртқы істер, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы, Энергетика, Сауда және интеграция, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан облыстарының және Нұр-сұлтан қаласының әкімдіктері 2021 жылғы 6 тамызға дейінгі мерзімде МОИП-тағы «Құжаттар кітапханасы» модуліндегі «Ақпарат тізбесі» қосымша бетін 100% толтыруды және өзектендіруді қамтамасыз етсін.
- Бәсекелестікті қорғау және дамыту, Стратегиялық жоспарлау және реформалар, Қаржы мониторингі агенттіктері 2021 жылғы 6 тамызға дейінгі мерзімде МОИП-тағы «Құжаттар кітапханасы» модуліндегі «МО ақпараттар тізбесі» папкасында салалық статистикалық және өзге де ақпараты бар өз папкасын құрсын.
- Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрліктері, Жоғары Сот Кеңесі, Орталық сайлау комиссиясы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бәсекелестікті қорғау және дамыту, Стратегиялық жоспарлау және реформалар, Қаржы мониторингі, Мемлекеттік қызмет істері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктері, Мемлекеттік күзет қызметі, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдіктері 2021 жылғы 6 тамызға дейінгі мерзімде МО ИРБП-ның 16-бабының талаптарына сәйкес 100% толықтырылуын қамтамасыз етсін.
- Денсаулық сақтау, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктері, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 2021 жылғы 4 тамызға дейінгі мерзімде МО ИРБП-дағы «Салалық статистикалық деректер» қосымша бетіндегі ақпаратты жаңартсын.
- Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2021 жылғы 6 тамызға дейінгі мерзімде МО ИРБП-да, МОИП-та және «Ашық деректер» порталында мемлекеттік органдардағы ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлғалар үшін ақпаратты орналастыру жөніндегі проблемалық мәселелердің тұсаукесерін жүргізсін. Бұл ретте деректерді қолмен енгізудің тиімсіздігіне және ашық деректер жиынтығын орналастыруды автоматтандыру қажеттігіне ерекше назар аудару қажет.
- Ашық үкімет порталдарын және Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасын дамытудың кейбір мәселелері туралы
(Балаева, Тұрысов, Диденко, Калтаева, Нұрғазиева)
- Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, Комиссия мүшесі А.Н. Тұрысовтың ақпараты назарға алынсын.
- Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (келісім бойынша) «Ашық үкімет» порталының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және портал жұмысына байланысты мемлекеттік органдардың сұрау салуларына жедел ден қою бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын.
- Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстанда Интерньюспен бірлесіп, 2021 жылғы 6 тамызға дейін ЭЫДҰ-ның мемлекеттік сектордағы коммуникациялар жөніндегі сарапшылық тобын тарту мәселесін пысықтасын.
- Әділет министрлігі қазіргі уақытта әртүрлі ақпараттық жүйелер (МОИП, «Ашық Үкімет»порталы және т.б.) бойынша бытыраңқы нормативтік құқықтық актілерді дайындаудың, келісудің және қабылдаудың толық циклін «Е-заңнама» жүйесінде іске асыру мүмкіндігін қарастырсын.
- Осы жылғы желтоқсанда Комиссия отырысында мүгедек адамдарға арналған функционалды жетілдіруді қоса алғанда, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Ашық үкімет» порталдарын және МОИР БП-ны дамыту (ребрендинг) мәселесі бойынша атқарған жұмысы туралы есебі тыңдалсын.
- Комиссия хатшысы «Ашық үкімет» порталдарының операторы ретінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның қанағаттанарлықсыз жұмысы туралы Үкімет атына хат жобасын дайындасын.
|
Комиссия төрайымы,
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму
министрі
|
А. Балаева
|
|
Комиссия хатшысы,
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры
|
Б. Рақымов
|