1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің реттеушілік, іске асырушылық, бақылау функцияларды жүзеге асыратын, сондай-ақ Министрліктің ақпарат саласындағы стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
5. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет Төрағасының бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
6. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің келісуі бойынша Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.
7. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттiк мекемесi.
8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 14-кіреберіс.
9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
10. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Комитеттің өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге құқығы жоқ.
Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, көрсетілген қызметтен түскен кірістер бюджеттің кірісіне жолданады.
12. Комитет құрамына мыналар кіреді:
1) Баспа БАҚ-та ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасы;
2) Электрондық БАҚ-та ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасы;
3) Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасы;
4) Қоғаммен байланыс орнату және мемлекеттік органдармен үйлестіру басқармасы;
5) БАҚ саласындағы бақылау басқармасы
6) БАҚ саласындағы рұқсат беру құжаттары басқармасы.
13. Миссиясы:
ақпараттық коммуникациялық кешенді дамыту мақсатында ақпарат саласындағы тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу.
14. Міндеті:
1) Бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабар тарату саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) телерадио хабар тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
4) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық етуді жүзеге асыру;
5) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жоғарылату кезінде меритократия қағидатын сақтау;
6) өз құзыретi шегiнде Комитетке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
7) телерадио хабар тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;