Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қоғамдық бақылау туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында қоғамдық бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қоғамдық бақылау – қоғамдық бақылау субъектілерінің осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіп пен нысандарда жүзеге асырылатын, шектелмеген тұлғалар тобының құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын қоғамдық бақылау объектілерінің қызметін талдауға және бағалауға, сондай-ақ ұсынымдар әзірлеуге бағытталған қызметі;
2) қоғамдық бақылау субъектілері – Қазақстан Республикасының азаматтары:
корпоративтік қорларды, діни бірлестіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген коммерциялық емес ұйымдар (бұдан әрі – коммерциялық емес ұйымдар);
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға құқық немесе өкілеттік берілген өзге де субъектілер;
3) қоғамдық бақылау объектілері – атқарушы мемлекеттік билік және жергілікті мемлекеттік басқару органдары, мекемелері:
мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер;
құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;
орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар болып табылатын ұйымдар;
4) қоғамдық бақылау тобы – қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін қалыптастырылған Қазақстан Республикасы азаматтарының тобы;
5) қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезіндегі мүдделер қақтығысы (бұдан әрі – мүдделер қақтығысы) – қоғамдық бақылау субъектісінің, қоғамдық бақылау субъектісі сарапшысының, мүшесінің (қатысушысының), құрылтайшысының, басшысының, жұмыскерінің мүдделілігі қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың объективтілігіне әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін жағдай;
6) уәжді жауап – қоғамдық бақылау объектісінің қоғамдық бақылау нәтижелері бойынша ұсынымдарда көрсетілген мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті қарағандығы туралы ақпараты.
2-бап. Қазақстан Республикасының қоғамдық бақылау туралы заңнамасы
Осы Заң Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен реттелмеген бөлігінде қоғамдық бақылауды жүзеге асырумен байланысты қатынастарды реттейді.
3-бап. Қоғамдық бақылаудың мақсаттары мен міндеттері
1) Қазақстан Республикасының азаматтарын қоғамдық бақылау процесіне тарту;
2) қоғамдық бақылау объектілері шешімдер қабылдаған кезде қоғамдық пікірді ескеруді қамтамасыз ету;
3) қоғамдық бақылау объектілері қызметінің айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету;
4) қоғамдық бақылау субъектілері мен объектілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
5) қоғамдық бақылау объектілері қызметінің тиімділігін арттыру;
6) Қазақстан Республикасы азаматтарының қоғамдық бақылау объектілерінің қызметіне деген сенім деңгейін арттыру;
7) қоғамдағы сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады.
4-бап. Қоғамдық бақылау қызметінің қағидаттары
Қоғамдық бақылау мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:
1) қоғамдық бақылау субъектілері мен объектілері қызметінің заңдылығы.
Қоғамдық бақылау субъектілері қоғамдық бақылауды Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Қоғамдық бақылау объектісі қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде осы Заңның және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті;
2) қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың жариялылығы, ашықтығы және айқындығы.
Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде қоғамдық бақылау субъектілерінің қолжетімділігі шектеулі ақпарат болып табылмайтын ақпаратты заңда тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алуға және таратуға құқығы бар.
Қоғамдық бақылау субъектілері қоғамдық бақылау нәтижелері бойынша ұсынымдарды және қоғамдық бақылау объектілерінің уәжді жауаптарын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады.
Қоғамдық бақылау объектілері қоғамдық бақылау нәтижелері бойынша ұсынымдарды қарау кезінде, егер бұл басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын бұзбайтын болса, қоғамдық бақылау субъектісіне оның ұсынымын қарауға тыңдау нысанында қатысуға мүмкіндік береді;
3) қоғамдық бақылау субъектілерінің қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға қатысуының еріктілігі.
Қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға қатысу ерікті болып табылады;
4) қоғамдық бақылау субъектілерінің тәуелсіздігі.
Қоғамдық бақылау субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуға жол бермеу.
5-бап. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға қатысу шарттары
1) заңнамада белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;
2) қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабының бірінші тармағы 3), 4), 9) - 12) тармақшалары және 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылғандар;
3) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;
4) психикалық денсаулық саласында психикалық, мінез-құлықтық бұзылу (ауру), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған адамдар;
5) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, экстремистік және террористік қылмыстар жасағаны үшін жауапқа тартылғандар;
6) шет ел қатысатын, сондай-ақ қызметі қолданыстағы заңнамаға сәйкес тоқтатылған коммерциялық емес ұйымдар қоғамдық бақылау субъектілері бола алмайды.
2-тарау. Қоғамдық бақылау субъектілері мен объектілері
6-бап. Қоғамдық бақылау субъектілерінің құқықтары мен міндеттері
1) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында Республикасының заңнамасында көзделген нысандарда қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;
2) қоғамдық бақылау объектілеріне қоғамдық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар туралы ұсыныстарды қамтитын ұсынымдарды жіберуге;
3) бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық бақылау нәтижелері бойынша ұсынымдарды қоғамдық бақылау объектілерінің уәжді жауаптарымен бір мезгілде орналастыруға;
4) қоғамдық бақылауды жүзеге асыру барысында анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты тиісті уәкілетті органдарға жолдауға;
5) қоғамдық бақылау объектілеріне қоғамдық бақылау объектісімен келісу бойынша баруға;
6) осы Заңда көзделген тәртіппен қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға сарапшыларды тартуға;
7) ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамада көзделген тәртіппен қоғамдық бақылау объектілерінен ақпарат сұратуға;
8) қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын ескере отырып, аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне- және фототүсірілім жасауға;
9) қоғамдық бақылау объектілерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағым жасауға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2) қоғамдық бақылауды осы Заңның және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асыруға;
3) қоғамдық бақылау объектісін қоғамдық бақылаудың жүзеге асырылуы туралы, ал егер қоғамдық бақылау субъектісі Қазақстан Республикасының азаматы немесе қоғамдық бақылау тобының құрамындағы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылған жағдайда, олардың осы Заңның 5-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігі туралы хабардар етуге;
4) қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысына жол бермеуге;
5) қоғамдық бақылауға қатысушылардан қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде қоғамдық бақылау объектісінің белгіленген жұмыс режимін сақтауын талап етуге;
6) сарапшылардың, сондай-ақ қоғамдық бақылау топтары мүшелерінің осы Заңда көзделген талаптарға сәйкестігін тексеруге;
7) қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік шараларын және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде қоғамдық бақылау объектісі жұмысының белгіленген режимін сақтауға;
8) дербес деректер субъектілерінің келісімінсіз дербес деректерді таратпауға, сондай-ақ қоғамдық бақылау объектісінен алынған, Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
7-бап. Қоғамдық бақылау объектілерінің құқықтары мен міндеттері
1) қоғамдық бақылау субъектілерінен қоғамдық бақылауды жүзеге асыру және оның нәтижелері туралы ақпаратты алуға;
2) қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын ескере отырып, аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне- және фототүсірілім жасауға;
3) қоғамдық бақылау объектісінде қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік шараларының сақталуын талап етуге;
4) осы Заңның 11-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда қоғамдық бақылау объектісіне барудан бас тартуға;
5) қоғамдық бақылау жүргізу туралы бастама жасау үшін қоғамдық бақылау субъектілеріне жүгінуге;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, қоғамдық бақылау субъектілерінің және (немесе) оның өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен қоғамдық бақылау субъектілерінің қоғамдық бақылау объектілерінің аумағы мен үй-жайларына кіруін қамтамасыз етуге;
3) қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, өз қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге және ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес қоғамдық бақылау субъектілерінің сұрау салуларын қарауға;
4) қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде қоғамдық бақылау объектісі өкілдерінің жалпы қабылданған моральдық-этикалық мінез-құлық нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;
5) қоғамдық бақылауға қатысушылардың қауіпсіздігін осы қоғамдық бақылау объектісі үшін белгіленген нормативтерге сәйкес қамтамасыз етуге;
6) қоғамдық бақылау нәтижелері бойынша ұсынымдарды орындау жөніндегі шешімдерді қарауға және қабылдауға, сондай-ақ уәжді жауаптарды жолдауға;
7) қоғамдық бақылау нәтижелері бойынша ұсынымдарды, сондай-ақ қоғамдық бақылау нәтижелері бойынша ұсынымдарға уәжді жауаптарды қоғамдық бақылау объектілерінің интернет-ресурстарында орналастыруға;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
3-тарау. Қоғамдық бақылаудың нысандары мен нәтижелері
8-бап. Қоғамдық бақылаудың нысандары
9-бап. Қоғамдық талқылау
10-бап. Қоғамдық сараптама
11-бап. Қоғамдық мониторинг
12-бап. Қоғамдық бақылаудың ұсынымдары
Қоғамдық бақылау нәтижелері бойынша ұсынымдарға қоғамдық бақылауды жүзеге асыру орны мен уақыты, қоғамдық бақылау міндеттері, қоғамдық бақылау субъектілерінің тізімі және олардың осы Заңның 5-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі, қоғамдық бақылау нысандары, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде анықталған фактілер мен мән-жайлар туралы ақпарат, ұсыныстар мен тұжырымдар, сондай-ақ қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде алынған өзге де құжаттар қоса беріледі.
Қоғамдық бақылау объектілері қоғамдық бақылау нәтижелері бойынша ұсынымға уәжді жауапта мүдделер қақтығысының немесе қоғамдық бақылау субъектілерінің осы Заңның 5-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуінің анықталған фактілері туралы көрсетуге құқылы.
Қоғамдық бақылау субъектісі қоғамдық бақылау нәтижелері бойынша ұсынымдарды қарау жөнінде шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей алдын ала хабардар етіледі.
4-тарау. Қорытынды ережелер
13-бап. Қоғамдық бақылаудың жүзеге асырылуын материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ету
Қоғамдық бақылауды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ету қоғамдық бақылау субъектілерінің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
14-бап. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.
15-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті