Үкіметтік емес ұйымдарға 2021 жылға арналған гранттарды беру жоспары

Үкіметтік емес ұйымдарға 2021 жылға арналған гранттарды беру жоспары

 

№

Грант тақырыптары

Жобаның мақсаты

Міндеттері
(жобаның негізгі бағыттары)

Іске асырылу мерзімі

Аумақтық қамтылуы

Бөлінген қаражат көлемі
мың. теңге

Жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже

4

Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

4

1

Қаржылық сауаттылық отбасынан басталады (онлайн жоба).

Бизнес-жаттықтырушыларды тарта отырып, жас және көпбалалы отбасыларға арналған кәсіпкерлік дағдыларын дамыту бойынша отбасылық бюджетті дұрыс бөлу, көшбасшылық қабілеттерін дамыту курстарын ұйымдастыру және өткізу

Қаржылық сауаттылық бойынша бірқатар семинарлар, практикалық жаттығулар оқыту және жүргізу; «Қаржылық қиын жағдайдағы отбасы»; «Несиелер мен шағын несиелер», «Ипотекалық несие беру»: артықшылығы мен шектеулілігі», «Болашаққа инвестиция», «Алаяқтықты қалай ажыратуға болады» және т.б. Балаларды ақшаға ұқыпты болуға тәрбиелеу принцптерін оқыту.  Халықты қаржылық сауатылыққа оқыту бойынша подкаст бағдарламасын құру. Оқытуды қамту – 2000 адам;  Қаржылық сауаттылық бойынша аудио сабақтар өткізу әдістемесі мен бағдарламасын әзірлеу; бизнес жоспарларды құруға көмектесу, жеңілдетілген несие алуға өтінімдерді беруге көмек көрсету, ауыл тұрғындарын назарда ұстап «Атамекен» ҰКП-ң 3 сарапшысын тарта отырып 200 –ден кем емес отбасыға бизнес ашуға көмектесу; Әлеуметтік желілерде.  Қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша  материалдарды таратуға арналған  Youtube және телеграмм каналында аккаунттар құру  (онлайн кеңес, сұрақ-жауап және т.б), оның ішінде бейнеформатта; Вирустық роликтер және  15-тен кем емес инфографика дайындау; Барлық алаңдар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен көрсетілуі керек (электронды және баспа құралдары, әлеуметтік желілер).

маусым – қараша 2021 жыл

14 облыстар, Нур-Султан, Алматы, Шымкент ққ

   7 865,9

Ақпараттық қамту – 1 млн.адам.

 

                 

 

Үкіметтік емес ұйымдарға 2021 жылға арналған гранттарды беру жоспары
Дата публикации
13 мая 2021