|
Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы |
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 7-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Лауазымы Аты-жөні
Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесі
1) ақпараттық-талдамалық бағдарлама – аудиторияға қоғамдық маңызы бар қызығушылық тудыратын, белгілі бір уақыт аралығында болған оқиғаларды жалпылама, жүйелендірілген ақпарат және талдау ұсынылған теле-, радиобағдарламаның форматы;
2) ақпараттық бағдарлама – телерадиокомпаниялар мерзімді тарататын және ағымдағы оқиғалар мен фактілер туралы ақпаратты қамтитын теле-, радиобағдарлама форматы;
3) аудиоролик – радиоарнада жаңғыртылатын уакыт бойынша қысқа мерзімді ақпараттық хабарлар, ақпараттық, жарнамалық немесе әлеуметтік мазмұнды;
4) әзіл-оспақ бағдарламасы – әзіл-оспақ жанрының теле-, радиобағдарламасы (скетчтер, әзілдер, берілген тақырыптарға диалогтар, музыкалық пародиялар);
5) бейнеролик – теледидарда жаңғыртылатын ақпараттық, жарнамалық немесе әлеуметтік мазмұндағы кадрлардың уақыты бойынша қысқа көркем дәйектілігі;
6) музыкалық бағдарлама – музыкалық бағыттар, үрдістер және тұлғалар туралы ойын-сауық және/немесе танымдық теле-, радиобағдарлама;
7) ойын-сауық шоу – музыкалық және/немесе әзіл - сықақ бағыттағы интерактивті теле-, радиобағдарлама ойын-сауық сипатында болады, ойын, конкурстар, викториналар және ұтыс ойын элементтері болуы мүмкін;
8) реалити-шоу – ойын-сауық бағдарламасы, онда сюжет адам тобының (немесе топтарының) өмірге жақын жағдайдағы іс - әрекеттерін көрсету болып табылады;
9) сериал – екі және одан да көп эпизодтан (сериядан) тұратын бірнеше сюжеттік желісі бар көркем және/немесе деректі экрандық не радио туындысы, хронометражы 20-дан 60 минутқа дейін;
10) телевизиялық бағдарлама – ток-шоу, тележурнал, музыкалық бағдарламалар, ақпараттық-танымдық бағдарламалар, белгілі тақырыптағы деректі фильмдерге жататын телевизиялық жанрлардың барлық түрлері;
11) ток-шоу – теле-, радиобағдарлама, оның барысында берілген тақырыпқа жетекші/спикерлер, қонақтар мен көрермендер/радио тыңдаушылар арасында еркін пікір алмасу болады.
Қызметтің әрбір жеке түрі үшін базалық бағаны жергілікті атқарушы орган маркетингтік зерттеу негізінде дербес не өнімді облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында тарататын бұқаралық ақпарат құралдарының кемінде үш баға ұсынысының орташа арифметикалық мәні ретінде айқындайды.
1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pn (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды газеттерде орналастыру құны;
Bn – газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың бір см2 үшін базалық бағасы;
V – см2 саналатын, газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;
Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:
200 000 данаға дейін – 1,3;
100 000 данаға дейін – 1,15;
50 000 данаға дейін – 1;
30 000 данаға дейін – 0,9;
20 000 данаға дейін – 0,8;
10 000 данаға дейін – 0,65;
5 000 данаға дейін – 0,5;
2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pm (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды журналдарда орналастыру құны;
Bm – журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір см2 үшін базалық бағасы;
V – см2 саналатын, журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;
Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:
15 000 данаға дейін – 1,2;
10 000 данаға дейін – 1,1;
8 000 данаға дейін – 1;
5 000 данаға дейін – 0,9;
3 000 данаға дейін – 0,8;
1 000 данаға дейін – 0,7.
Pi (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды интернет-ресурста орналастыру құны;
Bi – интернет-ресурста орналастырылатын, ақпараттық материалдың бір символы үшін базалық баға;
V – символмен саналатын, интернет-ресурста орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;
Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсты қолданушының орташа айлық санын есептеу үшін түзету коэффиценті:
айына 500 000 қолданушыға дейін – 1;
айына 1 000 000 қолданушыға дейін – 1,1;
айына 2 000 000 қолданушыға дейін – 1,2;
айына 5 000 000 қолданушыға дейін – 1,3;
айына 5 000 000 қолданушыдан жоғары – 1,4.
Ptv (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды теледидарда орналастыру құны;
Btv – теледидарда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір секундына, минутына, сериясына базалық баға;
V – секундпен, минутпен, сериялармен саналатын теледидарда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі.
Pr (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды радиоарнаның эфирінде орналастыру құны;
Br – радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның бір минутына, радиоарнада аудиороликтің бір секундына базалық бағасы;
V – минутпен саналатын, радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның көлемі.
Ескертпе:
* егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру құны базалық (Btv) болады.