Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандарттарында:
4-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ашық отырыс басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, өзінің ресми интернет-ресурсында және (немесе) өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында отырыстың анонсы мен күн тәртібін (ол болған кезде) орналастыра отырып, орталық атқарушы органдардың алқалы органдарының және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ашық отырыстарын онлайн-трансляциялау өткізу;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Заңның 16-бабының 3 және 6-тармақтарында көзделген ақпаратты МО ИРБП-ға орналастыру. Интернет-ресурстағы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілген. Интернет-ресурс басқа тілдердегі нұсқалары да болуы мүмкін;».
1-тармақтың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталы – мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленетін мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметін жария талқылауды қамтамасыз ететін ашық үкіметтің құрауышы;».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі |
|
А. Балаева |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 07.07.2026
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 39233 болып енгізілді