
Бауыржан Есқалиұлы Молдағалиев 1989 жылы Жетісу облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
2010-2011 жылдары Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының №1 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде еңбек етті.
2012 - 2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Философия және саясаттану институты Әл-Фарабитану орталығының ғылыми қызметкері.
2013 - 2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Философия, саясаттану және дінтану институты Философия бөлімінің ғылыми қызметкері.
2016 - 2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Талдау және ақпарат орталығы Медиа-талдау және құқықтық бағалау басқармасы Қолданбалы әлеуметтік технологиялар бөлімінің жетекші сарапшысы.
2017 - 2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті Ақпараттық жұмысты үйлестіру басқармасының бас сарапшысы.
2018 - 2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысы хатшылығының сарапшысы.
2022 - 2023 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлім меңгерушісінің орынбасары.
2023 - 2026 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.
2026 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2026 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы.