Құрметті ұстаздар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз – ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, ел болашағын қалыптастыратын қасиетті мамандық иесі. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, шәкірттерге деген қамқорлықтарыңыз бен білім жолындағы табанды қызметтеріңіз әрдайым үлкен құрметке лайық.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық жетістіктер және шәкірттеріңіздің биік белестерден көрінуін тілеймін!
Мереке құтты болсын!
Мақаншы ауданы мәслихатының төрағасы Болат Өтегенұлы Биболов
Құрметті ардақты ақсақалдар мен аяулы әжелер!
Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақ халқы қашанда үлкенін сыйлап, ақсақалын ардақтап, қариясын төрге шығарған. Сіздер – саналы ғұмырларыңызды елдің өсіп-өркендеуіне арнап, кейінгі ұрпаққа өнегелі жол көрсетіп келе жатқан қадірлі жандарсыздар.
Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз – кейінгі буын үшін баға жетпес қазына. Ауданымыздың дамуына қосқан еңбектеріңіз бен қоғамның қалыптасуына сіңірген үлестеріңіз үшін Сіздерге шынайы алғысымызды білдіреміз.
Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін. Балаларыңыз бен немере-шөберелеріңіздің қызығын көріп, әрдайым елдің құрметіне бөленіп, шаңырақтарыңыздан шаттық пен күлкі арылмасын!
Қарттарымыздың қадірі артып, абыройы асқақтай берсін!
Бүгін Мақаншы ауданы мәслихатының кезекті 43-сессия отырысы өтті. Сессия басталар алдында отырысқа қатысушылар Маңғыстау облысының Каспи теңізінде әскери міндеттерін атқару кезінде қаза болғандардың рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Күн тәртібіне сәйкес:
1. Ауданда қысқы мерзімге жол қатынасының тұрақтылығын қамтамасыз ету және білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелеріндегі жылу маусымына дайындықтың барысы туралы;
2. Аудан көлемінде санитарлық-эпидемиологиялық және эпизоотиялық ошақтарының жағдайы және оларды жақсарту жұмысының барысы туралы;
3. Мақаншы ауданының ауылдық елді-мекендеріне «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жұмысының барысы туралы;
4. Мақаншы ауданындағы денсаулық сақтау саласының жағдайы және тұрғындарға медициналық сапалы көмек көрсету, аудандық аурухананы заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету, тар және кең бейімді медицина мамандарының өткір тапшылығын жою жөніндегі мәселені шешу туралы;
5. Мақаншы ауданында абаттандыруға, көгалдандыруға және санитарлық тазалауға бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі есебі;
6. Мақаншы ауданындағы мектеп бітіруші түлектердің ұлттық бірыңғай тест тапсыру нәтижелері және білім беру ұйымдарына түсуі туралы;
7. Әр түрлі мәселелер:
1) Мақаншы ауданы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 30-213/VIII «Мақаншы ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Абай облысы Мақаншы ауданы мәслихатының 2024 жылғы 8 қазандағы № 12-77/VIII «Абай облысы Мақаншы ауданының жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3) Мақаншы ауданы мәслихатының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 10-56/VIIІ «Абай облысы Мақаншы ауданы мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) VIII-шақырылған Мақаншы ауданы мәслихатының кезекті 43-сессиясының жұмысындағы үзіліс туралы қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Мақаншы ауданы мәслихатының депутаттары мен тұрғындарының назарына!
2026 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 10.00-ге өтетін Мақаншы аудандық мәслихатының кезекті 43 сессиясы 2026 жылдың 28 қыркүйегіне сағат 10.00ге ауыстырылғанын хабарлаймыз.
Өтетін мекен-жайы: Мақаншы ауданы әкімдігінің ғимараты, Қабанбай көшесі, №6.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы сағат 09:00-де өткізіледі.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 08.30-да басталады.
Мақаншы ауданы
мәслихатының төрағасы Б.Биболов
Мақаншы ауданы мәслихатының депутаттары мен тұрғындарының назарына!
2026 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 10.00-ге Мақаншы ауданы әкімдігінің ғимаратында, Мақаншы ауданы мәслихатының кезекті 43-сессиясы белгіленіп отыр.
Өтетін мекен-жайы: Мақаншы ауданы әкімдігінің ғимараты, Қабанбай көшесі, №6.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы сағат 09:00-де өткізіледі.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 08.30-да басталады.
Мақаншы ауданы
мәслихатының төрағасы Б.Биболов
Бүгін Мақаншы ауданы мәслихатының кезектен-тыс 42-сессиясы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес Мақаншы ауданы мәслихатының 2024 жылғы 06 қаңтардағы № 1-5/VIIІ
«Абай облысы Мақаншы ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Мақаншы ауданы мәслихатының депутаттары мен тұрғындарының назарына!
2026 жылдың 11 қыркүйегінде сағат 10.00-ге Мақаншы ауданы әкімдігінің ғимаратында, Мақаншы ауданы мәслихатының кезектен тыс 42-сессиясы белгіленіп отыр.
Өтетін мекен-жайы: Мақаншы ауданы әкімдігінің ғимараты, Қабанбай көшесі, №6.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы сағат 09:00-де өткізіледі.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 08.30-да басталады.
Мақаншы ауданы
мәслихатының төрағасы Б.Биболов
Мақаншы ауданы мәслихатының депутаттары мен тұрғындарының назарына!
2026 жылдың 20 тамызында сағат 11.00-де Мақаншы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында, Мақаншы ауданы мәслихатының кезектен тыс 41-сессиясы онлайн белгіленіп отыр.
Өтетін мекен-жайы: Мақаншы ауданы әкімдігінің ғимараты, Қабанбай көшесі, №6.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу уақыты 10.00.
Мақаншы ауданы
мәслихаты төрағасының
міндетін атқарушы Л.Тұрарова
Мақаншы ауданы мәслихатының депутаттары мен тұрғындарының назарына!
2026 жылдың 13 тамызында сағат 11.00-де Мақаншы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында, Мақаншы ауданы мәслихатының кезектен тыс 40-сессиясы белгіленіп отыр.
Өтетін мекен-жайы: Мақаншы ауданы әкімдігінің ғимараты, Қабанбай көшесі, №6.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
«Мақаншы ауданы Ақшоқы, Мақаншы, Келдімұрат, Көктерек, Қаратал, Қабанбай ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы сағат 10:30-да өткізіледі.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу уақыты 09.00.
Мақаншы ауданы
мәслихатының төрағасы Б.Биболов
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына және Мақаншы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының №2 қаулысына сәйкес Мақаншы ауданы мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының бос орындарына жаңадан мүшелер қабылдайтынын хабарлайды.
Бос орынға үміткерлер 2026 жылғы 30 шілдесінен 14 тамызды қоса алғанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының бос орындарына кандидатуралар ұсыну туралы шешімінен үзінді;
3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.
Сайлау комиссияларының құрамдарына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштің нысаны сайтта орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат тұрған әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында қарастырылған сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның еңбеккерлері болмауы тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, асырап алушылары (қыз асырап алушылары), асырап алған балалары (қыздары), туған және туған емес ағалары мен әпкелері, аталары, әжелері, немерелері) немесе ері (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз нысанда ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылып, мөрмен расталуы тиіс және орындалған күні, орындаушы туралы белгі тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетіліп ұсынылуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың 14 тамызына дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Абай облысы Мақаншы ауданды мәслихаты
Биболов Болат Утегенович – Мақаншы ауданы мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың мекен-жайы: Мақаншы ауылы, Қабанбай көшесі 6.
Жауапты тұлға – Есембаев Нурсултан Дуйсембаевич, № 2 каб., қалааралық телефон коды (872239), қызметтік телефонның нөмірі 4-95-44, электрондық пошта мекен-жайы maslihat_makanshy@mail.ru
Абай облысы Мақаншы ауданы мәслихатының сайлау комиссияларының бос орындары туралы мәлімет жариялайды
ХАБАРЛАМАСЫ
|
Сайлау комиссиясының Нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері
|
Сайлау комиссиясындағы бос орындар саны |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары |
|
|
№ 456 |
Мақаншы ауылы, Абай облысы білім басқармасының Мақаншы ауданы білім бөлімінің А, "Найманбай атындағы орта мектебі" КММ ғимараты Р.Берікболов көшесі № 46 " |
1 |
|
№ 469 |
Бахты ауылы, Қабанбай көшесі № 1 А, Абай облысы Мақаншы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру, спорт бөлімінің «Мақаншы ауданы «Мәдениет үйі» КММ, Бахты ауылдық клубы. |
1 |
|
№ 471 |
Қарабұлақ ауылы, А.Баекенов көшесі № 24 А, Абай облысы Мақаншы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру, спорт бөлімінің «Мақаншы ауданы «Мәдениет үйі» КММ, Қарабұлақ ауылдық клубы. |
1 |
Мақаншы ауданды мәслихаты