
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің геодезия картография кадастр және жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңесінің XLVI сессиясы
Күні:
2024 жылғы 9-10 қазан
Орны Алматы қ. Қазақстан Республикасы
2024 жылғы 9 және 10 қазанда Алматыда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің геодезия картография кадастр және жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңесінің XLVI сессиясы өтеді Бұл маңызды оқиға келісілген саясатты қалыптастыру және ТМД елдері арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мақсатында осы салаларды дамытуға жауапты мемлекеттік органдардың басшыларын жинайды
Сессияның негізгі мақсаттары:
геодезия, картография кадастр және жерді қашықтықтан зондтау саласындағы саясатты үйлестіретін мемлекетаралық кеңес:
Сессияда ТМД кеңістіктік деректер инфрақұрылымының геопорталы үшін кеңістіктік деректер жиынтығын бекітуге назар аударылатын болады. Геопорталда туристік объектілер қорық аймақтары мұражайлар тарихи ескерткіштер және табиғи көрікті жерлер туралы деректер ұсынылады бұл өңірдегі туризмнің дамуына ықпал ететін болады.
Сондай-ақ, 2GIS, Google Maps және Yandex Maps сияқты карта қызметтері үшін деректердің дәлдігін қамтамасыз ететін БҰҰ қарарына сәйкес географиялық атаулар дерекқорын жаңарту бойынша жұмыстар жалғасады
Қазақстандық компаниялар қалалардың цифрлық егіздерін және аэрофототүсірілім мен мониторинг үшін гиростабилизациялаушы платформаны құру бойынша табысты кейстерді ұсынады Даму Орталық Азия мен Сауд Арабиясы компанияларының қызығушылығын тудырды
Мемлекетаралық Кеңестің қызметі ТМД мемлекеттерінің картографиялықгеодезиялық қызметтерінің өзара тиімді ынтымақтастығының негізін нығайтуды жалғастырады сондай-ақ геодезиялық және картографиялық ақпаратты тұтынушылар мүддесі үшін өндірістік және ғылымизерттеу жұмыстарын орындауға бағытталатын болады
ҚР ЦДИАӨМ Баспасөз қызметі
press@mdai.gov.kz