Министрлікте «Қазтест» сынағы өтті

Министрлікте «Қазтест» сынағы өтті

2024 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілі Нұрбек Батырханұлы Нұрымбетовтің қатысуымен Министрлік қызметкерлерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін «Қазтест» жүйесі бойынша тестілеу өтті.

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында» «Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесін арттыру мақсатында Министрлікте жыл сайын жүргізіліп келеді.

Диагностикалық тестілеуге Министрліктің 70 қызметкері қатысты. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жүйелі жүргізілетін болады.