Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу және азаматтарды қабылдау

Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу және азаматтарды қабылдау

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. Қаныш Аманбайұлы Төлеушин 2024 жылғы 10 мамырда сағат 17.00-да Батыс-Қазақстан облысының тұрғындарымен кездеседі және азаматтарды қабылдайды. Бейнеконференцияға қосылу Халыққа қызмет көрсету орталығында, Орал қаласы, Жамбыл көшесі 81/2 3 қабатта өтеді.

Іс-шараға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ведомстволарының басшылары қатысады.

Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар +7 7112 240596 телефоны арқылы жұмыс ұақытта қабылданады.

Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз.

Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет»  және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия және картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.