
Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде мемлекеттік қызметшілерге арналған «Сыбайлас жемкорлыкка карсы саясат» тақырыбында семинар өтті.
Семинар спикері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің профилактикалық қызметінің ерекше маңызды істер жөніндегі қызметкері Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негізі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар пакеттері және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу құралдары мен талдау алгоритмдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы егжей-тегжейлі презентация өткізіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары мен мониторингінің маңыздылығын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ортақ мақсатқа жету үшін кәсіпорындар, мемлекет және азаматтар арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың қажеттілігін атап өтті.
Спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің бірнеше мысалдарын келтірді, соның арқасында семинарға қатысушылар тақырыпты талдауға және өз жұмысында кездесуі мүмкін мүдделер қақтығысының мысалдарын талқылауға мүмкіндік алды және олардың пайда болуын болдырмау үшін этикалық нормалар мен стандарттарды сақтау қажеттілігі туралы білді.
Сондай-ақ, спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тақырыбын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды және оны үйлестіруді қозғады.
Семинарға қатысқан және талқылау барысында белсенді араласқан барлық мамандарға алғысымызды білдіреміз. Сыбайлас жемқорлықпен күресудегі ынта-жігеріңіз бен ынтымақтастығыңызды жоғары бағалаймыз және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске және мемлекеттік органдарда этиканы қамтамасыз етуге ықпал ететін осындай семинарлар мен іс-шараларды насихаттауды жалғастыруға ниеттіміз.