
Мемлекет басшысымен 2023 жылғы 23 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, оған сәйкес Технопарк қатысушылары үшін экстерриториалдылық қағидатын ішінара кеңейту бойынша түзетулер қабылданды («Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркі» КҚ қатысушылары үшін).
Осылайша, түзетулерге қол қойылғанға дейін Технопарктің қатысушылары еліміздің барлық өңірлерінен 2024 жылдан бастап Технопарктің тіркелген жерінде болуға тиіс болды.
Бүгінгі күні Технопаркке қатысушылардың саны 1300-ден астам АТ-компанияны құрайды, мысалы, тек Алматы қаласына 600 компания келеді.
Еліміздің барлық өңірлерін экономикалық дамыту, сондай-ақ АТ-қоғамдастығын танымал ету мақсатында эксаумақтылық қағидатын ұзарту бөлігінде өзгерістер бастамашылық етілді.
Осылайша, 2024 жылдан бастап Технопарк қатысушылары компанияның тіркелген жері бойынша Қазақстанның кез-келген қаласында өз қызметін жалғастыра алады.