
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Серкұлы Олжабеков 22 желтоқсанда сағат 10.00-де (жергілікті уақыт) Қызылорда облысының тұрғындарымен кездеседі және азаматтарды қабылдайды. Бейнеконференцияға қосылу Қызылорда қ. Абай даңғылы 48 мекенжайында өтеді.
Іс-шараға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ведомстволарының басшылары қатысады.
Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 87242-55-11-33 (ішкі 40129) телефоны арқылы қабылданады.
Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз.
Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия және картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.