15 желтоқсанда Бағдат Мусиннің қатысуымен брифинг өтеді

15 желтоқсанда Бағдат Мусиннің қатысуымен брифинг өтеді

15 желтоқсанда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтеді.

Брифингтің тақырыбы: «Цифрлық даму министрлігінің цифрлары: жыл қорытындысы».

Өтетін күні: 15.12.2023

Өтетін уақыты: 11.30

Өтетін орны: Astana Hub, Мәңгілік ел, 55/8, С4.6, 1 қабат

Аккредиттеу 14 желтоқсан, сағат 18.00-ге дейін.

Аккредиттеу мәселелері бойынша баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз (тел.: +7 (775) 270-03-48, Динара).

Аккредиттеуден өту үшін қатысушының аты-жөні, лауазымы, БАҚ атауы, сериялық нөмірі бар техниканың сипаттамалары қажет.

 

ЦДИӨМ баспасөз қызметі