
10 қарашада Цифрландыру және ақпараттық технологиялар күнін мерекелеу күні ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде Қоғамдық кеңестің отырысы өтті, оған ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері қатысты.
Қоғамдық кеңес мүшелері ақпаратқа қол жеткізуде мүгедектігі бар адамдар құқықтарының теңдігін сақтауды жетілдіру, Министрліктің 2024-2026 жылдарға арналған бюджет жобасы сияқты мәселелерді талқылады, сондай-ақ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қызметінің 2022 жылғы қорытындылары туралы ақпарат тыңдалды. Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері «Цифрлық Кодекс» жобасын талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді.