«ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ТӘУЕЛДІЛІК: СЕБЕПТЕРІ МЕН САЛДАРЫ»

«ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ТӘУЕЛДІЛІК: СЕБЕПТЕРІ  МЕН  САЛДАРЫ»

Мемлекеттік қызметшілерді ойын мекемелеріне барудан бас тартуға шақыруға бағытталған сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында құмар ойындарының зияны туралы түсіндіру мақсатында ағымдағы жылғы қарашаның 3-і күні ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде мемлекеттік қызметшілерге арналған «Құмар ойындарға тәуелділік: себептері мен салдары» атты семинар өткізілді.

Ойынға тәуелділік бүгінгі күнгі ауқымды індетке айналғаны бәрімізге белгілі және бұл балалар мен жасөспірімдер арасында ғана емес, ересектер арасында да бар.

Орташа жасөспірім күніне алты сағатқа дейін өмірін компьютерде өткізсе, балалардың шамамен 70%-ы «GamofWare» сияқты зорлық-зомбылық пен қатыгездік сюжеттері бар  ойындарға   құмар екен.

Ажырасулардың 40%-ы осы себептен болатынын көріп отырмыз. Лудомания қазір ажырасу себептері арасында маскүнемдік пен нашақорлықтан кейін 2-ші орынға шығып, үлкен проблемаға айналып отыр.

 Семинарға арнайы шақыртумен келген психолог, гештальт-терапевт, НЛП-Мастер, дағдарыс жағдайының психотерапеві - Қайрат Қуанышбайұлы  Нұрмағанбетов адамның өмірде өз орнын таба алмуы мен өзіне қанағаттанбаушылығы, эмоциялық тұрғыда  жетілмеуі (инфантильность), эмоциялық күйзеліс, қоршаған орта мен отбасындағы жанжалдар, қызығушылық пен шынайылықтан безіну, наразылық сияқты құмар ойындарға  тәуелділік  себептері мен басқа тәуелділікке көшу (химиялық тәуелділіктер), өз мінез-құлқы мен эмоцияны бақылауды жоғалту, әлеуметтік және отбасылық мәселелер, ауыр психикалық аурулардың пайда болуы, депрессия, мазасыздық және ұйқы проблемалары, қылмыс, зорлық–зомбылық әрекеттерін жасау, азғындық, жыныстық жолмен берілетін ауруларға ұшырау, баспанасыздық және жұмыссыздық, өз-өзіне қол жұмсау сияқты құмар ойынға тәуелділіктің салдары туралы айтып өтті.

Сонымен қатар, семинарға қатысушылар букмекерлік кеңселерді, лотереяларды және онлайн казиноларды жарнамалауға тыйым салу туралы айтты.

Семинар спикері семинарға қатысушылармен құмар ойындарға тәуелділік туралы  тест өткізіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Семинарға қатысқан және талқылау барысында белсенді араласқан барлық мемлекеттік қызметшілерге және семинар спикері Қайрат Қуанышбайұлына алғысымызды білдіреміз.

 

Жансая Қаршығақызы Молдағалиева

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,

инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі

министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі