
2023 жылдың 30 қазанында Бағдат Мусин Астана қаласының, Ақмола және Алматы облыстарының тұрғындарын онлайн-форматта қабылдады.
Кездесу барысында тұрғындар Астана қаласында және Ақмола, Алматы облыстарының жекелеген ауылдарында дербес деректерді қорғау, байланыс және интернет сапасы мәселелерін көтерді.
Азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша Министр Министрліктің Телекоммуникациялар және Ақпараттық қауіпсіздік комитеттерінің төрағаларына бірқатар тапсырмалар берді.
Азаматтарды қабылдау барысында көтерілген мәселелерді Министр жеке бақылауына алды.