
2023 жылғы 12-13 қазанда Жобалық басқаруды жетілдіру жөніндегі форум шеңберінде Digital Bridge халықаралық технологиялық форумының алаңында «Qazaqstan Project Management Awards – 2023» жобалық басқару жөніндегі Ұлттық конкурстың қорытындысы шығарылды.
«Qazaqstan Project Management Awards – 2023» жобалық басқару жөніндегі Ұлттық конкурс мемлекеттік органдардың және елдегі жобалық қызметіне басқа да қатысушылардың жобалық жетілуін айқындау құралдарының бірі болып табылады.
«QazPMA2023» Ұлттық конкурсына үш «Үздік жобалық кеңсе», «Үздік жоба» және «Үздік жобалық менеджер» номинациялары және алты санат (мемлекеттік (ОМО және ЖАО), квазимемлекеттік секторлар, үкіметтік емес ұйымдар, шағын және орта бизнес және жоғары оқу орындары) бойынша 181 өтінім берілді.
Ағымдағы жылдың 12 қазанында, Форумның бірінші күнінде, Ұлттық конкурстың финалисттері өз жобаларын таныстырды.
Күннің екінші жартысында Digital Bridge халықаралық технологиялық форумының алаңында «QazPMA. Жобалық басқаруда AI қолданудың сын-қатерлері мен тәуекелдері» панельдік сессиясы өтті. Модератор Бизнес-Кеңесші және эмоционалды интеллект бойынша жаттықтырушы Жанна Ибраева болды. Панельдік сессияның спикерлері Рейнхард Вагнер (IPMA халықаралық жобаларды басқару қауымдастығы кеңесінің төрағасы, IPMA экс-Президенті), Чинви Мгбере (IPMA Global Excellence Award сыйлығының лауреаты), Вадим Богданов (Жобаларды басқару кәсіпқойларының Ұлттық қауымдастығының төрағасы), Темірлан Зиналабдин (Freedom Telecom компаниясының B2G даму жетекшісі), Рүстем Биғари (Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры).
Жобалық басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында «AGILE негізінде жаңа бастамаларды жеделдету» тақырыбында тренинг өткізілді, оған С.Ж. Аханов («QazInnovations» Басқарма төрағасы) қатысты, онда Форум қатысушыларына проблемалық мәселелерді шешу немесе елдің стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша шаралар әзірлеу үшін, бизнес және сараптамалық қоғамдастықпен әріптестікке негізделген акселерация әдісін қолдану бойынша жобалық басқарудың икемді әдістері негізінде кейстер таныстырылды.
Ағымдағы жылдың 13 қазанында, Ұлттық конкурстың екінші күні, Іскерлік ойын өткізілді, оған «Әлемдік кафе» фасилитациялық сессиясы кірді, онда сессияға қатысушылар кофеханалардағыдай үстелге бірнеше адамнан отырып (бір адам үстелдің қожайыны болады, қалғандары қонақтардың рөлін ойнайды), мәселелерді талқылап, пікірталас нәтижелерін схемалар, суреттер, тезистер түрінде тіркеді. Белгілі бір уақыттан кейін қонақтар келесі үстелге ауысады, ал «Үстел иесі» өз орнында қалып, жаңа қонақтарға мәселенің мәнін және алдыңғы қонақтардың негізгі тұжырымдарын айтады. Осылайша, сессияның барлық қатысушылары бір-бірінің идеяларымен танысып, барлық мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, Форумға қатысушылар үшін Quiz «QazPMA World» зияткерлік-ойын-сауық ойыны өткізілді.
Ұлттық конкурстың қорытындысы салтанатты жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде жарияланды, онда Бірінші вице-министр Қ.А. Төлеушин Форум қатысушылар үшін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е.Ж. Қошановтың құттықтау сөзін айтты.
Жеңімпаздарды Е.Қ. Әбіл (ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры), С.Ф. Ходжиматов (БҰҰДБ Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары), Б.Н. Ілияс (Энергетика вице-министрі), З.С. Азиева («A to Z Decisions Kazakhstan» консалтингтік компаниясының Бас директоры), Р.А. Биғари («Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК Бас директоры), И.А. Шварцкопф (ҚР ЦДИАӨМ Жобалық басқару саясаты департаментінің директоры) және С.Д. Қозғанова (ҚР ЦДИАӨМ Жобалық басқару саясаты департаменті директорының орынбасары) құттықтап, марапаттады.
IPMA Global Excellence Award сыйлығының лауреаты Чинви Мгбере және Жобаларды басқару ұлттық кәсіпқойлары қауымдастығының төрағасы Вадим Богданов Форумға қатысушылар үшін қорытынды мотивациялық сөз сөйледі.
Ұлттық конкурстың қорытындысы бойынша QazPMA2023 жеңімпаздары конкурстың келесі қатысушылары болды:
«Жылдың Үздік жобалық кеңсесі» номинациясы бойынша.
«Жылдың үздік жобасы» номинациясы бойынша.
«Табиғи уранның химиялық концентратын қыздыру үшін аса жоғары жиілікті (микротолқынды) сәулеленуді қолдану және жартылай өнеркәсіптік жабдықты қолданудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу» жобасымен;
«Сергек – Qorgau» мобильдік қосымшасын әзірлеу және енгізу» жобасымен;
«Ұлттық анықтамалық ақпарат» цифрлық сервисі» жобасымен;
«Söile&Say» қазақша сөйлесу клубы» жобасымен;
«Торайғыров университеті" КЕАҚ-да ISO 37001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестікке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (парақорлық) бойынша менеджмент жүйесін енгізу, әзірлеу және сертификаттау» жобасымен;
«Foresight-мектеп» жобасымен;
«Мектепке дейінгі білім беру орталығы – Университеттің әлеуметтік саясатындағы инновация» жобасымен;
«Жылдың үздік жоба менеджері» номинациясы бойынша.
Сонымен қатар, арнайы номинациялардың жеңімпаздары атанды:
«Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша үздік жоба»:
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
«Е-өтініш» өтініштерді қабылдаудың автоматтандырылған платформасы»
жобасымен;
«Жылдың үздік Асессоры»:
Б.Н.Злобин;
«Үздік экологиялық жобасы»:
«Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС
«Қайта өңделген түйіршіктерден полиэтилен пленкасын өндіру» жобасымен;
«Жылдың үздік инновациялық жобасы»:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
«Табиғи уранның химиялық концентратын қыздыру үшін аса жоғары жиілікті (микротолқынды) сәулеленуді қолдану және жартылай өнеркәсіптік жабдықты қолданудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу» жобасымен;
«A to Z Decisions Kazakhstan» консалтингтік компаниясының Бас директоры З.С. Азиева жеңімпазға Certificate of Excellence (Catalyst бағдарламасы бойынша тегін оқыту) табыс етті.
«Ассессорлық жанашырлық жоба»:
«Халықаралық келіссөздер академиясы» Қауымдастығы ЗТБ
«Қазақстан Республикасында медиация саласын дамыту» жобасымен.