25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Бүгін, 25 қазан – Республика күніне орай, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және ведомствоға бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне арналған мерекелік іс-шара өтті. 

Атаулы күн қарсаңында ұйымдастырылған жиын басталмас бұрын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны шырқалды.

Бұдан кейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин салтанатты іс-шараға қатысушыларды Республика күнімен құттықтады.

«Баршаңызды осы атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын және ынтымағымызды арттыратын  мереке. Республикамызды дамыту үшін әрқайсыңыз ерен еңбек етіп жүрсіздер. Сіздер өздеріңіздің адал еңбектеріңізбен министрлігіміздің әлеуетін арттыруға зор үлес қосып келесіздер. Осы орайда, мен министрліктің өркендеуі жолында айтарлықтай күш-жігер танытып жүрген қызметкерлерге зор ризашылығымды білдіргім келеді», – деді министр.

Сондай-ақ, Бағдат Мусин диджитал, инновация және аэроғарыш салаларында аянбай қызмет атқарып жүрген әріптестерді марапаттады. Яғни, жиын аясында ведомствоның және  ведомствоға бағынысты ұйымдардың бірқатар қызметкеріне жұмыстарын мінсіз, жауапты және адал атқарғаны және кәсіби жетістіктері үшін «Ерен еңбегі үшін» медалі мемлекеттік наградасы, «Еңбек ардагері» медалі ведомстволық наградасы, «Ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі ведомстволық наградасы, «Үздік байланысшы» төсбелгісі ведомстволық наградасы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Құрмет грамотасыжәне Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің Алғыс хаты табысталды.

Бұл күні сондай-ақ, мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шара мемлекеттік қызметшілер әзірлеген мерекелік концертке ұласты. Мәселен, бұл күні инновацияларды дамыту департаментінің бас сарапшысы Ислам Нұран жиналған жұртшылыққа «Үш тілім» өлеңін оқып берсе, стратегиялық жоспарлау департаментінің бас сарапшысы Аманбек Қайырбаев «Атамекен» әнін орындады.

Жиын соңында министрлік қызметкерлері мен ведомствоға бағынысты ұйымдардың өкілдері естелікке суретке түсті.