Дизайнерлерге арналған конкурс 10 қараша – Qazaqstan Digital Day/Қазақстандағы цифрландыру күні

Дизайнерлерге арналған конкурс 10 қараша – Qazaqstan Digital Day/Қазақстандағы цифрландыру күні

Барша графикалық дизайнерді Цифрландыру күніне арналған стикерпактардың дизайны конкурсына қатысуға шақырамыз! Мұндай стикерлер Қазақстандағы цифрлық дәуірдің рухын бейнелейді.

Қатысу шарттары:

• Қатысушылар Қазақстан азаматы болуы қажет.
Жұмыстар конкурс тақырыбына сай болуы тиіс (ҚР ЦДИАӨМ, IT мамандарының қызметіне, цифрландыру және жаңа технологияларға арналуы қажет), Цифрландыру күні мен Министрліктің логотиптерін көрсетуі керек және авторлық жұмыс түпнұсқада болуы қажет.

Конкурсқа қатысу үшін:

- CDR, PNG, AI, EPS, PDF форматындағы стикерлердің эскиздерін press@mdai.gov.kz электрондық поштасына 2023 жылдың 1 қарашасына дейін жіберіңіз.
- Кем дегенде 6 стикер жіберілуі керек, қабылданатын стикерлердің саны шектеусіз;

Жүлделер:

Бас жүлде: Монитор
Басқа да ынталандыру сыйдықтары.

Жұмысты бағалау:

Жұмыстарды қазылар алқасы, оның ішінде Қазақстанның ауқымды IT-компанияларының басшылары бағалайды. Бағалау бірегейлікке, креативтілікке, тақырыпқа сәйкес келетініне және орындалу сапасына негізделеді.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні: 2023 жылдың 1 қарашасы

Нәтижелер туралы хабарлау: 2023 жылдың 6 қарашасы.

Байқауға Сіз де қатысыңыз және Қазақстанның цифрлық болашағына үлес қосыңыз!