
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 2023 жылдың 27 қазанында сағат 10:00-де № 2 Халыққа қызмет көрсету бөлімінде (мекен жайы: Көкшетау қ., Абай көшесі, 96) Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды. Cондай-ақ 27 қазанда сағат 11:00-де «Достар» мәдениет сарайында (мекен жайы: Көкшетау қ., Сүлейменов көшесі, 10) Ақмола облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Жеке қабылдауға жазылу, сондай-ақ сауалдар мен ұсыныстар +7 705 546 70 21 (жұмыс уақытында) телефон нөмірі арқылы қабылданады.
Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желісінің ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз.
Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.