
20 қазанда Қазақстанның XI "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін - азаматтық қоғам дамуының басты бағыты" атты азаматтық форумы аясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында қатысушылар "Қолжетімді Интернет" ұлттық жобасын және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманы жетілдірудің қыр-сырын егжей-тегжейлі талқылады.
Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар жобаларды іске асырудың тетіктерін жетілдіру бойынша пікір алмасып, оларды қызықтырған мәселелер бойынша ақпарат алды. Өз кезегінде Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Нұрғазиева Бану Ғаниқызы таңдалған тақырыптардың өзектілігі мен осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.
Жиынға 40-тан астам адам, оның ішінде Қазақстанның Азаматтық альянсының өкілдері, министрліктің Қоғамдық кеңесінің мүшелері, "Атамекен" ҰКП және салалық ҮЕҰ өкілдері қатысты.