
Ағымдағы жылдың 19 қазан күні ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде мемлекеттік қызметшілерге арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңашылдықтары» тақырыбында семинар өтті.
Семинар спикері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негізі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар пакеттері және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу құралдары мен талдау алгоритмдері туралы егжей-тегжейлі презентация өткізіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары мен мониторингінің маңыздылығын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ортақ мақсатқа жету үшін кәсіпорындар, мемлекет және азаматтар арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың қажеттілігін атап өтті.
Спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің бірнеше мысалдарын келтірді, соның арқасында семинарға қатысушылар тақырыпты талдауға және өз жұмысында кездесуі мүмкін мүдделер қақтығысының мысалдарын талқылауға мүмкіндік алды және олардың пайда болуын болдырмау үшін этикалық нормалар мен стандарттарды сақтау қажеттілігі туралы білді.
Ашық және транспарентті басқаруды құруға ұмтылу барлық мемлекеттік органдардың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша семинар қатысушыларға осы мақсаттың маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік берді. Семинарға қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен күресу және этикалық мәдени ортаны құру бойынша құнды білім мен құралдарды алғаны сөзсіз.
Семинарға қатысқан және талқылау барысында белсенді араласқан барлық мамандарға алғысымызды білдіреміз. Сыбайлас жемқорлықпен күресудегі ынта-жігеріңіз бен ынтымақтастығыңызды жоғары бағалаймыз және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске және мемлекеттік органдарда этиканы қамтамасыз етуге ықпал ететін осындай семинарлар мен іс-шараларды насихаттауды жалғастыруға ниеттіміз.
Казкенов Алан Аманжолұлы
ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің
Әдеп жөніндегі уәкілі.