Бағдат Мусин Еуразиялық даму банкі цифрлық бастамалар қорының өкілдерімен кездесті

Бағдат Мусин Еуразиялық даму банкі цифрлық бастамалар қорының өкілдерімен кездесті

Digital Bridge 2023 форумы аясында Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары Тигран Саркисян мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің кездесуі өтті.

Тигран Саркисян Еуразиялық даму банкінің цифрлық бастамалар қорының Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобалары туралы айтып берді. Жергілікті компаниялар Қордың 2020-2021 және 2022-2023 жылдары аралығында өткізген цифрлық жоба байқауларының жеңімпаздары қатарында болды.

Оның ішінде, «TenTech» ЖШС - виртуалды көрмелерді, конференциялар мен форумдарды VR технологияларын қолдану арқылы онлайн өткізуге арналған цифрлық платформасы  ЕАДБ қорынан грант жеңіп алғанын да жеткізді.

Екінші байқаудың жеңімпазы - «EGISTIC» ЖШС ұсынған «EGISTIC SUPERAPP» жобасы. Жоба ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ауыл шаруашылығы саласындағы кеңесшілерге қызмет көрсетудің экожүйесі болып табылады.

Өз кезегінде Бағдат Мусин ЕАДБ цифрлық бастамалар қорына Қазақстан Республикасындағы белсенді жұмысы мен қазақстандық компаниялардың цифрлық шешімдерін қолдағаны үшін алғысын білдірді.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстанда әзірленген табысты цифрлық шешімдерді масштабтау мақсатында тығыз ынтымақтастық туралы келісті.