Министр Мусин Б.Б. Қазақстанның XI Азаматтық форумы шеңберінде ҚР Азаматтық Альянсының өкілдерімен, бейінді үкіметтік емес ұйымдармен және Министрліктің сараптамалық кеңесінің мүшелерімен онлайн-кездесу өткізеді

2023 жылғы 20 қазанда сағат 15:00-де Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мусин Б.Б. Қазақстанның XI Азаматтық форумы шеңберінде ҚР Азаматтық Альянсының өкілдерімен, бейінді үкіметтік емес ұйымдармен және Министрліктің сараптамалық кеңесінің мүшелерімен онлайн-кездесу өткізеді.

Кездесу барысында «Қолжетімді Интернет» Ұлттық жобасы және «Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманы жетілдіру» деректерінің сақталуын қамтамасыз ету атты тақырыптарына баяндамалар жасау жоспарлануда.

Онлайн кездесуге қатысуға ниет білдірушілерді телефон арқылы растауды сұраймыз: +7 701 797 96 77 немесе электрондық мекенжай zh.nurtazin@mdai.gov.kz