
Агротехнологиялар саласындағы даму басымдықтарын әзірлеу мақсатында «Qazinnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ а.ж. 19 қазанында AgriTech бағыты бойынша дөңгелек үстел өткізеді және ауыл шаруашылығы саласының сарапшыларын, ғалымдарды, бизнес және БАҚ өкілдерін шақырады.
Кездесу «KazAgro/KazFarm 2023» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі аясында өтеді.
Басты назарда - AgriTech саласындағы форсайттық зерттеудің бөлігі ретінде қосалқы кіші салалардағы стратегиялық сессиялардың нәтижелерін талқылау.
Іс-шараға – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүше - депутаттары, ҚР ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, «AgriTech» технологиялық құзыреттер салалық орталығының өкілдері, мамандандырылған жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, агроөнеркәсіп кешенінің, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, «Ауыл», «Respublica» партияларының және басқа да салалық Қауымдастықтардың мүшелері қатысады.
Форсайттық зерттеулер (технологиялық болжау) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің 2022 жылғы 27 қазандағы шешіміне сәйкес және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің тапсырмасы бойынша QazInnovations әдістемелік және консультациялық қолдауымен жүзеге асырылады.
Зерттеу нәтижелері бойынша Үкімет жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің қарауына ұсынылатын Нысаналы Технологиялық Бағдарлама әзірленеді. Онда ауыл шаруашылығын тұрақты инновациялық дамыту бойынша заңнамаға өзгерістерді қоса алғанда, барлық перспективалық бағыттар, ұсыныстар мен ұсынымдар енгізілетін болады.
Өткізілетін уақыты: 2023 ж. 19 қазан, сағ.15.00
Іс-шараны ұйымдастырушы: «Expo Group» халықаралық көрме компаниясының қолдауымен «Qazinnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы.
Өткізілетін орны: Мәңгілік, Ел 53/1, конференц-зал
Толығырақ ақпарат алу үшін:
8 (7172) 72-55-83 (ішкі 318)
info@qazinn.kz
Instagram: @qazinnovations