
Бүгін Форум аясындағы «5G: цифрлық трансформация драйвері» панельдік сессиясы барысында Телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ол сондай-ақ базалық станцияларды орнатуда радиофобтардың кедергі келтіріп отырғанын алға татты.
«Сондықтан, рәсімді оңайлату мақсатында депутаттармен бірлесіп «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға түзетулер енгізуді қарастырып жатырмыз, оған сәйкес кондоминиумды басқару органы үйдің төбесіне жабдық орнату туралы шешім қабылдауға мүмкіндік алады. Бұл келісім алу процесін жеңілдетуі тиіс. Көптеген тәсілдер жүзеге асырылуда. Мысалы, пилоттық режимде электронды дауыс беру арқылы «қолдау» немесе «қарсы» дауыстары бар QR код іске қосылды. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп базалық станциялардың сәулеленуінің рұқсат етілген деңгейі бойынша нормативтерді қайта қарау мақсатында базалық станциялар жұмысының адам денсаулығына әсерін зерделеу бойынша ұлттық зерттеуді бастауды жоспарлап отырмыз», - деді Ержан Мейрамов.
Айта кетейік, бүгін Digital Bridge форумы аясында өткен брифингте цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 2025 жылдың соңына дейін Қазақстанның ірі қалаларының жартысынан көбі 5G-ге қосылатын болады, деп мәлімдеді.
«Жоспар бойынша біз биыл 700 базалық станцияны орнатуымыз қажет. Операторлар қазірдің өзінде бұл көрсеткішті еңсерді. Жыл соңына дейін 1 мыңнан астам базалық станция орнатылады», - деді Б.Мусин.
ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі
https://instagram.com/digital_ministry_kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.facebook.com/MDAI.KZ?mibextid=9R9pXO