Цифрлық даму вице-министрі Әсет Тұрысов биліктің өкілді тармағын цифрландыру жөніндегі жобалар туралы айтты

Цифрлық даму вице-министрі Әсет Тұрысов биліктің өкілді тармағын цифрландыру жөніндегі жобалар туралы айтты

Digital Bridge 2023 халықаралық форумы аясындағы «Жасанды интеллект (AI) және деректерге негізделген демократия» панельдік сессиясында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов заң шығару процесінің тиімділігін арттыруда биліктің өкілді тармағын («электрондық Парламент» және «электрондық мәслихаттар») цифрландыру барысына тоқталды.

«ҚР Президентінің тапсырмаларын іске асыру аясында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2023 жылдың сәуір айында бірлескен кеңес өткізіп, оның қорытындысы бойынша жұмыс тобы құрылған болатын. Жұмыс тобы ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісін автоматтандыру бойынша ағымдағы жағдайды зерттеді. 2023 жылдың соңына дейін Мәжілістің, Парламент Сенатының бұлтты құжат айналымын ақпараттық жүйеге ауыстыруды жүзеге асыру жоспарланған. Қазіргі уақытта «Е-заңнама» модулі әзірленуде, ол заң жобаларын қадағалауға, іске асыруға және әзірлеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 2024 жылы Парламенттің кадр саясаты процестерін автоматтандыруға мүмкіндік беретін «Е-қызмет» ақпараттық жүйесін масштабтау жоспарланған. ЦДИАӨМ биліктің өкілді тармағын цифрландыру жөніндегі жұмыс тобының құрамындағы жұмыстарды жалғастыруда», - деді Әсет Тұрысов.

 

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

https://instagram.com/digital_ministry_kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.facebook.com/MDAI.KZ?mibextid=9R9pXO

https://youtube.com/@digitalministrykz?si=HVpY1NLIqzZkImcb

https://t.me/digital_ministry_kz