
Кеше, 13 қыркүйекте KazHackStan конференциясы аясында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің ведомствоаралық кеңесі өтті, онда (ШЫҰ), өңірлік антитерростикалық құрылымы базасында қауіпсіздік ақпарат орталығын (ҚАО) құру жөніндегі Қазақстанның бастамасы талқыланды.
Кеңес барысында Қазақстан өкілдері ШЫҰ АТҚҚ ақпараттық қауіпсіздік орталығын құру бойынша өз ұсыныстарымен таныстырып, оның негізгі мақсаттарын, міндеттері мен жұмысын ұйымдастыру принциптерін сипаттады.