
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі біріінші вице-министрі Қаныш Аманбайұлы Төлеушин 8 қыркүйекте сағат 15.00-да Ұлытау облысының тұрғындарымен кездеседі және азаматтарды қабылдайды. Бейнеконференцияға қосылу Жезқазған қаласының әкімдігінде Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер к. 39А мәжіліс зал, 2 қабатта өтеді.
Іс-шараға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ведомстволарының басшылары қатысады.
Тұрғындармен кездесудің онлайн-трансляциясы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде өткізілетін болады.
Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: ++7 777 571 70 79 телефоны арқылы қабылданады.
Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз.