
Астана қаласында 28 тамызда «Киберқылмыстарды тергеудің және криптовалютадағы қылмыс тәуекелдерінің алдын алудың құқықтық аспектілері» тақырыбында семинар өтті. Семинарды Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.
Семинар құқық қорғау және мемлекеттік органдармен цифрлық активтермен жұмыс істеу, криптовалюталарды қадағалау және жаңа тенденциялар бойынша талқылау мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар бағдарламасы киберқылмыстарды табысты тергеу мен қылмыстық қудалаудың құқықтық аспектілері, цифрлық активтерді алмастырушылардың әртүрлі санаттарының құқықтық мәртебесі – тәуекелдер мен ықтимал шешімдер, ақпарат алмасу және құқық қорғау органдары мен АХҚО арасындағы ынтымақтастық сияқты тақырыптарды қамтыды.
Семинар ҚР ЦДИАӨМ бірінші вице-министрі Қаныш Аманбайұлының құттықтау сөзімен ашылды. БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының сарапшылары, сондай-ақ ҚР ЦДИАӨМ электрондық өнеркәсіп және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің өкілдері спикерлер ретінде сөз сөйледі.
«Цифрлық майнингті және цифрлық активтер айналымы жөніндегі қызметті тиімді реттеу үшін басым міндеттердің бірі құқық қорғау және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің біліктілігін ұдайы арттыру болып табылады. Біз Цифрлық активтермен байланысты тәуекелдерді барынша азайтуға ықпал ететін, оның ішінде пайдаланушылар үшін цифрлық активтерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін тиісті реттеулерге ұмтыламыз», - деп атап өтті ҚР ЦДИАӨМ бірінші вице-министрі Қаныш Аманбайұлы.
Семинарға ҚР Бас прокуратурасының, ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметкерлері қатысты.