Доктор Рейнхард Вагнердің Қазақстан Республикасына сапары аясында Ұлттық жобалық кеңсе алаңында кездесулер өткізілді

Доктор Рейнхард Вагнердің Қазақстан Республикасына сапары аясында Ұлттық жобалық кеңсе алаңында кездесулер өткізілді

2023 жылғы 2 тамызда доктор Рейнхард Вагнердің Қазақстан Республикасына сапары аясында Ұлттық жобалық кеңсе (бұдан әрі - ҰЖК) алаңында «Жобаға бағдарланған қоғамның дамуын қолдаудағы рөлі» тақырыбында бірқатар кездесулер өткізілді.

ҰЖК-ға сапар барысында вице-министр А.С. Жамбакинмен, цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры Р. Бигаримен және ЦДИАӨМ жобалық басқару саясаты департаментінің өкілдерімен жеке кездесулер өтті.

ҰЖК-мен бірлескен кездесу өткізілді, оған «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК жобалау қызметін қамтамасыз ету орталығының өкілдері, орталық мемлекеттік органдардың жобалау кеңселерінің басшылары мен бас менеджерлері, сондай-ақ ZOOM режимінде өңірлік жобалау кеңселерінің өкілдері онлайн форматта қатысты. 

Доктор Вагнермен кездесу барысында Қазақстанда жобалық басқаруды енгізудің өзекті мәселелері, даму трендтері, жобалық басқарудың жаңа тәсілдері мен мүмкіндіктері талқыланды, мемлекеттік басқару жүйесінде жобалық басқаруды енгізу және дамыту мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жобалық кеңселерінің цифрлық және жобалық жетілу мәселелері қаралды. 

Жалпы, жобаға бағытталған қоғамдастықты дамытуды қолдау қажеттілігі туралы сындарлы диалог өтті.

Анықтама:

доктор Рейнхард Вагнер – халықаралық жобаларды басқару қауымдастығы -IPMA кеңесінің төрағасы, IPMA экс-Президенті.

Доктор Вагнер «Жобаға бағдарланған қоғамды ілгерілету» зерттеу жобасының жетекшісі болып тағайындалды, жобаның мақсаты жобалық басқарудағы ең озық бес елде (Германия, Қытай, Қазақстан, Хорватия, Перу) кейс-зерттеулер негізінде кәсіби ұйымдардың қоғамның жобалық бағдарлануына әсерін анықтау болып табылады. Бүгінгі таңда доктор Р. Вагнер жобаға бағытталған қоғамды ілгерілетудегі тәжірибесімен егжей-тегжейлі танысу үшін аталған елдерге баруды жоспарлап отыр.

Доктор Вагнер-сертификатталған жоба директоры (IPMA А деңгейі), күрделі және динамикалық контексттерде жобаларды, бағдарламаларды және жоба портфолиосын басқаруда дәлелденген тәжірибесі бар. Ол 35 жылдан астам уақыт бойы әртүрлі секторлардағы (Әуе қорғанысы жүйелері, автомобиль өнеркәсібі, инженерия, консалтинг және машина жасау, әртүрлі коммерциялық емес ұйымдар) жобаларды басқарумен белсенді айналысады.