
Қазақстанда, QazKenes.kz коммуникативтік алаңында 150-ден астам сарапшы елдің инновациялық және ғылыми-техникалық дамуына қатысты заң жобасының тұжырымдамажобасын талқылады. Сарапшылар инновациялық бизнеске заңнамалық түрде "қателесу құқығын" беру, әділ бәсекелестік үшін жағдай жасау, сондай-ақ венчурлік қаржыландыру мен стартаптарды қолдаудың жаңа құралдарын енгізу қажет деп есептейді.
Ұсынылып отырған өзгерістер пакетін әзірлеген "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ басшысы - Ілияс Оспанов, бүгінде инновациялық қызметтің жоғары тәуекелділігін әркез ескере бермейтін талаптар – стартап-саланы тежейтін факторлардың бірі-деп атап өтті.
"Стартаптарға қойылатын талап, дәстүрлі бизнеске қойылатын талаппен бірдей, егер ол нәтиже бермесе, әзірлеушілерді жауапқа тарта алады. Сондықтан инноваторларға "қателесу құқығын" заңды түрде бекітуді ұсынамыз", - дейді сарапшы.
"Инвестордың стартаппен қарым-қатынасы шартқа негізделеді және Азаматтық кодекспен реттеледі. Онда, тіпті "Кәсіпкерлік тәуекел" деген жеке санат бар. Сондықтан, Тұжырымдаманыңосы бөлігінде Азаматтық кодекске өзгерістер енгізуді қарастыру міндетті деп санаймыз",-деп толықтырды Ұлттық телекоммуникациялық қауымдастығының Ғылыми-консультация орталығының директоры Виталий Казанцев.
Тұжырымдаманың жобасы сондай-ақ қазақстандық инновациялық өнімдер мен қызметтерді ұсынушыларды қолдауды, оның ішінде ұлттық компаниялардың сатып алуларына қатыстыруды көздейді. Сарапшылар бұл шаралар шағын бизнес үшін қосымша ынталандыру болмақ деп есептейді.
"Қазір тапсырыс берушілер жергілікті әзірлемелерді, егер олар дайын болмаса, іс жүзінде қарастырмайды. Сондықтан, ІТ-компаниялар өндірісін оқшаулау үшін ынталандыру болып табылатын және өз кезегінде, саланың тартымдылығын арттыратын жергілікті қамтудың қандай да бір үлесінің болуы туралы талап қою қажет деп санаймын", - деді "Көркем - телеком" ЖШС директорының орынбасары Арман Альмереков.
Сонымен қатар, онлайн-ойталқыға қатысушылар венчурлік қаржыландыру саласын дамыту шараларын ұсынды. Олардың ойынша, "айырбасталатын қарыздар" және инвесторларға ұсынылатын жеңілдіктер ынталандырар еді.
"Айырбасталатын займ" ұғымын бекіту қажет, өйткені бүгінде ЖШС үлесін сатып алу - қаржыландырудың жалғыз құралы, алайда ЖШС заңға сәйкес халықтан қарыз ала алмайды. Сонымен қатар, «пирамида» құрмас үшін, оны пайдалану мүмкіндігін шектеу де маңызды", - деді "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) басқарушы директоры Евгений Мұхамеджанов.
Осы шаралардың барлығы стартаптардың белсенді дамуына және неғұрлым перспективалы салаларда шоғырлануына көмектесуі тиіс.
"Бұл тұрғыда бизнес пен мемлекеттің күш-жігерін біріктіру өте маңызды. Қазір бәрімізге осы басымдықтарды бірлесіп талқылау қажет. Жаңа отандық шешімдерді енгізуді қажет ететін салаларға назар аударуымыз керек", - деп атап өтті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.
Сараптамалық қауымдастықтан түскен барлық ұсыныстар егжей-тегжей талданып, жобаның жаңартылған нұсқасына енгізіледі.