
Құрметті достар!
Сіздерді Адамзаттың алғаш ғарышқа ұшуының халықаралық күнімен құттықтаймын! Қазақстан үшін бұл күннің маңызы ерекше: ғарыш кеңістігіне тұңғыш рет адамзат қазақ даласынан аттанды, ал, Байқоңыр – әлемдегі алғашқы және ең ірі ғарыш айлағы, қазақстандықтар жерлес ғарышкер-қаһармандарымен мақтануда.
Ғарышты игеру арқылы еліміз байланыс, телерадио хабарларын тарату, Жерді қашықтан зондтау, спутниктік технологиялар саласындағы міндеттерді шешуде орасан мүмкіндікке ие. Сондықтан, Қазақстан үшін ғарыш саласы - стратегиялық маңызды сала.
Әріптестеріме, аэроғарыш өнеркәсібінің қызметкерлеріне зор денсаулық, мол табыс, отбасыларыңызға бақ-береке, амандық тілеймін! Өркендей беріңіздер!
Құрметпен, Асқар Жұмағалиев