42500 тг. әлеуметтік төлемақыны ЭЦҚ-сыз алуға болады

42500 тг. әлеуметтік төлемақыны ЭЦҚ-сыз алуға болады

eGov порталында орналастырылған "ТЖ кезінде 42500 тг. төлемақы алу" қызметін енді SMS арқылы алуға болады.

Ол үшін пайдаланушы eGov порталының алғашқы бетіндегі Сервистер бөлімінен "ТЖ кезінде 42500 теңге төлеу" қызметін таңдауы қажет. Жүйеге кіру үшін ұсынылған нұсқалардың ішінен ЖСН мен телефон нөмірін енгізе отырып, "бір реттік құпия сөзді" таңдайды. SMS арқылы келген сандар комбинациясын енгізгеннен кейін, қарапайым нысанды толтырып, дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін беріп, "Әрі қарай" батырмасын басады. Электрондық өтініш берілгеннен кейін жаңа бетке өтесіз, ол жерде сіздің мәліметтеріңіз, берген өтініміңіздің нөмірі және "өтініміңіздің өңделу үстінде" екені туралы  ақпарат көрсетіледі. Өтінім мәртебесін және/немесе нәтижені порталдағы Жеке кабинетіңізден көре аласыз, «Кіріс» бөліміне  хабарлама келіп түседі.

Егер жүйе сіздің мобильді азаматтар базасында тіркелмегеніңізді хабарласа, сол бетте көрсетілген сілтеме арқылы тіркелу керек. Тіркелу не үшін қажет? Сізге тиесілі әлеуметтік төлемге өзгенің ие болмауы үшін Жүйеге телефон нөміріңізді көрсету арқылы өзіңіз екеніңізді растайсыз.

Мобильді азаматтар базасында тіркелу үшін сізді бейнеқоңырау арқылы ХҚКО операторымен байланыстырады, ол сіздің нөміріңізді базаға енгізеді. Осыдан кейін, сіз бір реттік құпия сөз арқылы өзіңіз екеніңізді растап, қызметті алу үшін жоғарыда сипатталған қадамдарды орындай аласыз.

Азаматтарды мобильді азаматтар базасында тіркеу үшін 500-ге жуық ХҚКО қызметкері осы шараға тартылды.

Әлеуметтік төлем алу үшін сілтеме: https://egov.kz/services/P6.46/