Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ХҚКО-лар жаңа жұмыс тәртібіне көшті

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ХҚКО-лар жаңа жұмыс тәртібіне көшті

Карантин жариялануына байланысты Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс режимін өзгерту туралы шешім қабылданды. ХҚКО көрсететін қызметтер саны қысқартылады. Азаматтар онлайн ұсынылмайтын қызметтерді ғана ала алады. Осымен бірге, еліміздегі барлық ХҚКО сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болатын қызметтердің қатарында төлқұжат пен жеке куәлік алу, зейнетақы мен әр түрлі жәрдемақы тағайындау және т.б. бар. ХҚКО көрсететін қызметтердің толық тізімі қоса беріліп отыр.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы автоматтандырылған және электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы бот арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызметтерді алу барысында қандай да бір  қиындықтар мен сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар 1414 Бірыңғай байланыс орталығына ұялы және стационарлы телефоннан хабарласа алады. Қоңырау соғу тегін. Бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «ҰАТ» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ және «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп, ҚР 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын күшейтті.

Сонымен қатар, Министрлік Халыққа қызмет көрсету орталықтарына адам көп шоғырланатындықтан, азаматтарға ХҚКО-ға аса қажет болмаса бармауға кеңес береді .

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қабылданатын және нәтижелерін беруі жүзеге асырылатын қызметтер

№

Мемлекеттік қызметтің атауы

МО

1

Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру

ІІМ

2

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау

ЕХӘҚМ

3

Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау

ЕХӘҚМ

4

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау

ЕХӘҚМ

5

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау

ЕХӘҚМ

6

Жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау

ӘМ

7

Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау

ЕХӘҚМ

8

Жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау

ЕХӘҚМ

9

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

ЕХӘҚМ

10

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау

ЕХӘҚМ

11

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау

ЕХӘҚМ

12

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау

ЕХӘҚМ

13

Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу

ЕХӘҚМ

14

Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету

ЕХӘҚМ

15

Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу

ЕХӘҚМ

16

Мүгедектерге кресло-арбалар беру

ЕХӘҚМ

17

Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету

ЕХӘҚМ

18

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу

ЕХӘҚМ

19

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу

ЕХӘҚМ

20

Еңбекке қабілеттілігін жоғалту жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау

ЕХӘҚМ

21

Тұрғын үй сертификаттарын беру

ИИДМ

22

Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту

ЕХӘҚМ

23

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету

ҰЭМ

24

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу

ЦДИАӨ

25

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу

ӘМ

26

Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу

ӘМ

27

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу

ӘМ

28

Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару

ӘМ

29

Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу

АШМ

30

Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ыхтиярхат беру  

ІІМ

31

Жүргізуші куәліктерін беру

ІІМ

32

Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру

ІІМ

33

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру

ІІМ

34

Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктерінің басшыларын тағайындауын келісу

АҚДМ

35

Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру

БҒМ

36

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру

ЕХӘҚМ

37

Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау

ЕХӘҚМ

38

Ақталған адамға куәлік беру

ЕХӘҚМ

39

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру

БҒМ

40

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу

БҒМ

41

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру

БҒМ

42

Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау

БҒМ

43

Республикалық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау

БҒМ

44

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру

БҒМ

45

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау

БҒМ

46

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау

БҒМ

47

Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау

ИИДМ

48

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру

ИИДМ

49

Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу

ЭГТРМ

50

Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салу, реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу), пайдалану, консервациялау, жою (кейіннен кәдеге жарату) қорытынды беру

ЭГТРМ

51

Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптама жасау шығындарын өтеу

ИИДМ

52

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы

ЭГТРМ

53

Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару

ҚМ

54

Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау

ҚМ

55

Кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімдерін өзгерту

ҚМ

56

Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру

ӘМ

57

Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру

МСМ

58

Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу

ИИДМ

59

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою

ҚМ

60

Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

БП

61

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөлімшелерінен шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою

ІІМ

62

Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлікті беру

ИИДМ

63

Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту

ІІМ

64

Қазақстан Республикасына уақытша болатын шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру

ІІМ

65

Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау

ЕХӘҚМ

66

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу

ӘМ

67

Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру

АШМ

68

Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру

ӘМ

69

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау

ЕХӘҚМ

70

Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау

ЕХӘҚМ

71

Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу

ӘМ

72

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу

ӘМ

73

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру

ӘМ

74

Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру

ИИДМ

75

Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

ӘМ

76

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

ҚР ЖС СҚКД

77

Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу

ІІМ

78

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатын азаматтарға анықтамалар беру

ҚМ

79

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу

ІІМ

80

Жол жүру құжатын беру

ІІМ

81

Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

БҒМ

82

Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну

БҒМ

83

Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру

БҒМ

84

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну

БҒМ

85

Көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне телнұсқа беру

ІІМ

86

Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу

ЕХӘҚМ

87

Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту

ЕХӘҚМ

88

Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі

ЕХӘҚМ

89

"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру

БҒМ

90

"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру

БҒМ

91

Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау

БҒМ

92

Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау

БҒМ

93

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру

ҰЭМ

94

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету

ҰЭМ

95

"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту

ЕХӘҚМ

96

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау

АШМ

97

Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану

ЭМ

98

Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау

ҚМ

99

Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау

ӘМ

100

Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу

БҒМ

101

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

ҚМ