
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «ҰАТ» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ және «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп, ҚР 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын күшейтті. Бір уақытта 1000-нан астам абонент қажетті сұрақтарына кеңес ала алады.
Бұл шаралар коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдай тәртібінің енгізілуіне, сондай-ақ инфекцияның таралмауына жол бермеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қорғаныс шараларын енгізуге байланысты қабылданды.
Қазіргі жағдайға байланысты, Цифрлық даму министрлігі азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға кеңес береді. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы бот арқылы алуға болады.
Мемлекеттік қызметтерді алу барысына қандай да бір қиындықтар мен сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар 1414 Бірыңғай байланыс орталығына ұялы және стационарлы телефоннан хабарласа алады. Қоңырау соғу тегін.
Бірыңғай байланыс орталығының күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуі үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ фронт-кеңселерінің 600 қызметкері жұмысқа тартылды. Жақын арада олардың санын жеткізу жоспарлануда.