Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін елдің барлық ХҚКО-ларында қорғаныс шаралары енгізілгенін түсіндіреді.

Атап айтқанда, келушілерге қызмет көрсетілетін залдарға мезгілінде санитарлық өңдеу, тазарту жұмыстарын жүргізу үшін және адамдардың шоғырлануын болдырмау мақсатында ХҚКО ғимаратына адамдар аз-аздан кіргізіледі.

Осы орайда, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн алуды және мүмкіндігінше Халыққа қызмет көрсету орталығына бармауды сұраймыз. Өйткені адамдар көп шоғырланған жерлерде  коронавирус инфекциясының таралу және жұғу қаупі жоғары.

Сіздердің өз қауіпсіздігіңіз үшін сабыр сақтап, кезекте тұрғанда  ара-қашықтықты ескеруді өтінеміз.