
Астанада ақпараттық қауіпсіздік бойынша қорғау құралдары, моноторинг жүйелері және басқа да өнімдер таныстырылған отандық компаниялардың киберқауіпсіздік саласындағы шешімдерінің көрмесі өтті.
Іс-шара барысында отандық шешімдердің көрме аймағы және іс-шараға қатысушылардың панельдік талқылауы ұйымдастырылды. Орталық мемлекеттік органдардың өкілдері жоғары белсенділік пен қызығушылық танытты.
ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы – Руслан Абдикаликов ақпараттық қауіпсіздік саласындағы отандық шешімдерді дамыту қажеттілігін, сондай-ақ саланы дамыту және бәсекеге қабілетті шешімдерді әзірлеу үшін отандық компанияларды қолдауға дайын екендігін атап өтті.
Айта кетейік, іс-шара киберқауіпсіздік саласында өнімдер мен қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар мен отандық ұйымдардың өзара іс-қимылы мақсатында ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы Ақпараттық қауіпсіздік комитеті болды.
Көрмеге «НИЛ «Гамма технологии», «T&T Security», «MSSP.GL», «Arctic Technology Group», «7Generation», «JK&Partners» компаниялары қатысты.