Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Абай облысының тұрғындарымен кездеседі

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек  Абай облысының тұрғындарымен кездеседі

Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Елубайұлы Оразбек 28 желтоқсанда сағат 10.20-да ХҚКО № 2 (Семей қаласы, Б. Момышұлы көшесі 22) азаматтарды қабылдайды. Сонымен қатар 27 желтоқсанда сағат 11.30-да Абай облысының халқымен кездеседі. Кездесу «Семей медицина университеті» КеАҚ ғимаратында (Семей қаласы, Абай көшесі 103) өтеді.

Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар ministrgesurak@mdai.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз.

Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, электрондық үкімет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.