
Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Елубайұлы Оразбек 27 желтоқсанда сағат 12.30-да ХҚКО № 9 (Өскемен қаласы, Белинский көшесі 37а) азаматтарды қабылдайды. Сонымен қатар 27 желтоқсанда сағат 14.45-те Шығыс Қазақстан облысының халқымен кездеседі. Кездесу Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғимаратында (Өскемен қаласы, Д. Серікбаев көшесі 19, Г-101 залы) өтеді.
Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар ministrgesurak@mdai.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз.
Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, электрондық үкімет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.