Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Малик Олжабеков Түркістан облысының тұрғындарымен кездеседі

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Малик Олжабеков  Түркістан облысының тұрғындарымен кездеседі

Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі Малик Олжабеков 20 желтоқсанда 09.30-да Түркістан қаласындағы ХҚКО-да азаматтарды қабылдайды мекенжайы Жаңа Қала шағын ауданы, сонымен қатар  сағат 15.00-де Түркістан облысының халқымен кездеседі. Кездесу «Farab» кітапханасы Әмір Темір, 25 көшесінде өтеді. Сондай-ақ, Облыс тұрғындары әр ауданда орнатылған бейнеконференц байланыс арқылы қатыса алады.

Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар ministrgesurak@mdai.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне сауал жолдауға шақырамыз.

Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, электрондық үкімет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.