Асқар Жұмағалиев Министрлікке қызметке қабылданған президенттік резервшілермен кездесті

Асқар Жұмағалиев Министрлікке қызметке қабылданған президенттік резервшілермен кездесті

Президенттік жастар кадрлық резервінің 8 өкілі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде басшылық лауазымдарға тағайындалды. Асқар Жұмағалиев кездесу барысында жастарға жаңа міндеттер жүктеді.

Қызметке тағайындалған резервшілердің әрқайсысы жаңа лауазымда бір айға жуық уақыт жұмыс істеп үлгерді. Осы кезең ішінде олар жаңа ортаға бейімделіп, қыр-сырымен танысып, зерделеп, кездесуге алға қойылған мақсаттарға жету үшін бизнес-үдерістерді оңтайландыру мен жаңа тәсілдерді пайдалану туралы өз идеяларын және ұсыныстарын ала келді. Себебі, бүгінгі күні Министрлік алдына маңызды мақсаттар қойып отыр,- деді министр.

«Жақында өткен цифрландыру жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы біздің алдымызға бірқатар маңызды міндеттер қойды. Оларды сіздермен бірігіп орындайтын боламыз, осы орайда сіздердің тараптарыңыздан креативті идеялар мен сындарлы ұсыныстар күтеміз. Біз өз кезегімізде, сіздерге қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беретін боламыз", - деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.

Қызметке тағайындалған резервшілер шетелдік жоғары оқу орындарының және Қазақстанның жетекші университеттерінің түлектері. Жас болғанымен барлығының халықаралық ұйымдарда, мемлекеттік органдар мен бизнесте табысты жұмыс тәжірибесі бар.

Кездесуге қатысушылар саладағы өзекті мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарын айтып және  тоқсан сайын ақыл-кеңес құрып тұруға келісті.