Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А.С. Жамбакин Ақмола облысының тұрғындарымен кездеседі (онлайн-формат)

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А.С. Жамбакин Ақмола облысының тұрғындарымен кездеседі (онлайн-формат)

Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Серікұлы Жамбакин 14 қазанда сағат 15.00-да Ақмола облысының тұрғындарымен кездеседі және азаматтарды қабылдайды. Бейнеконференцияға қосылу Халыққа қызмет көрсету орталығында Көкшетау қаласы, Қ.Сәтпаев көш. 9, 3 - қабатта өтеді.

Іс-шараға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ведомстволарының басшылары қатысады.

Тұрғындармен кездесудің онлайн-трансляциясы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде өткізілетін болады.

Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: +7 7162 25 15 05 телефоны және ministrgesurak@mdai.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз.

Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, электрондық үкімет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.