19 ақпанда Министрліктің кеңейтілген алқа отырысы өтеді

19 ақпанда Министрліктің кеңейтілген алқа отырысы өтеді

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2019 жылғы жұмысының негізгі нәтижелері қандай?

2020 жылы:

  • байланыс;
  • ғарыш;
  • инновациялар;
  • киберқауіпсіздік;
  • геодезия және картография;
  • цифрландыру және мемлекеттік қызметтер; 
  • электрондық өнеркәсіп  салалары  қалай  дамиды?

Кеңейтілген алқа отырысында Министрлік басшылығы 2019 жылы атқарылған жұмысты қорытындылап, 2020 жылға арналған жұмыс жоспарлары туралы баяндайды.

Алқа отырысына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің  қатысуы күтілуде. Сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, Министрліктің Қоғамдық кеңес мүшелері, ведомствоға бағынысты ұйымдардың өкілдері, салаға еңбегі сіңген қызметкерлер, саланың  қоғамдық бірлестіктері, даму институттары және қауымдастық басшылары шақырылды.

Өтетін күні: 19.02.2020 ж.

Уақыты: сағат: 15.00-де 

Орны: «Astana IT University», ЕХРО аумағы, С-1 павильоны.

БАҚ аккредитациясы: толтырылған үлгіні (қосымшада берілген) press@mdai.gov.kz   мекенжайына 18.02.2020 ж. сағат 12:00-ге дейін  жіберу  қажет    

Анықтама телефоны: 74-92-73

БАҚ аккредитациясы үшін қосымша